Қоғам
Волонтер жастарға зор жауапкершілік жүктеледі
Atr.kz/1 сәуір, 2020 жыл. Мемлекет басшысының кешегі мәлімдемесіне орай құрманғазылық жастар да өзгелерге қол ұшын созу шараларына белсене кірісті.
Короновируспен күресте халық арасында еш дүрбелең туғызбай, баршамыз бір болуымыз керек. Сонда ғана қиындық еңсереміз. Бұл ретте ауданның ерікті жастары әлеуметтік аз қамтылған отбасыларына көп рет пайдаланатын бетперделер мен азық-түлік тауарларын тегін таратты.
Сонымен бірге олар жалғысбасты аналарға жәрдемдесті. Бұл үрдіс алға қарай да жалғасады.
Аяжан Зұлпыхарқызы,
Құрманғазы аудандық жастар ресурстық орталығының бас маманы