Жарнама
Қоғам

ВЕРА АНТОНОВНА ДУМЛЕР, «ВИДЕРГЕБУРТ» НЕМІС ЭТНОМӘДЕНИ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ӨКІЛІ, МҰНАЙ ӨҢДЕУ САЛАСЫНЫҢ АРДАГЕРІ: ЕСКЕРТКІШ ҚОЙСА ДА АРТЫҚ ЕМЕС

 —  Алғыс айту күніне арнайы дата арнаудың қажеттілігіне әңгіме басында тоқталдыңыз. Енді осы мерекенің маңызын, мәнін аша түссеңіз?

— «Ризашылық» деген сезімнің өзі – үлкен құбылыс. Мәселен, бала ата-анасына риза. Себебі, ата-ана оны өмірге әкелді, тәрбие берді. Адам – қоғамға риза. Себебі, қоғам оған өмірден өз орнын табуына ықпал етті. Ал, қазақ халқы түрлі этностың тарихи ұлт ретінде сақталуына мүмкіндік берді. Бұл – үлкен ерлік. Мысалға, кезінде Ресей өз жерін мекендейтін барлық ұлттарды күштеп  жер аударды.  Әсіресе, Қырым татарлары мен немістер үлкен қыспақ арасында қалды. Сол буынның ұрпақтары бүгінде өз ұлтының дәстүрі тұрмақ, өздерінің кім екендігін де  ұмытып кетті. Міне, сондықтан да, қазақтардың мұндай дархандығына ескерткіш қойса да артық етпейді.

— Мұндай атаулы дата қоғамға не береді?

— Бұл бізді жақындастырады. Және елімізді мекендейтін барша ұлтты қазақ халқының маңайына топтастыра түседі. Осы «ризашылық» ұғымын «Мәңгілік Ел» доктринасына енгізсек те артық болмайды. Тағдырлас халықтардың тарихы бірлігі мықты елдің ғана озатынын көрсетті. Сондықтан да, осы тарихи тамырды болашақпен байланыстыру маңызды.

Алғыс айту күнінің ресми түрде 1 наурызға белгіленуінің де символдық мәні бар. Себебі, дәл осы күні тарихты сақтаушы шежіреге айналған бірегей құрылым – Қазақстан халқы Ассамблеясы өмірге келді.

—  Сұхбатымызды қорытындыласақ…

— Менің ата-анам да жаппай депортация кезінде Қазақ еліне жер ауып келгендер. Мен Гурьевте тудым. Әкемнің ұлты – грек. Қырымда туып-өскен. Анам – Поволжье немісі. «Кеңес Үкіметіне қарсы шықты» деген желеумен екеуі де кезінде Қазақстанға жер аударылған. Сонау қырқыншы жылғы соғыс кезінде анам Атырау мұнай өңдеу зауытын салуға атсалысқан. Мұның барлығы – тарих. Оның үстіне мұндай ерекше жағдайлар қазақ жерін мекен ететін немістердің барлығына тән.  Депортация жылдары қазақ жеріне 400 мыңға жуық неміс ауып келген болса, 1989 жылы олардың саны 958 мыңға жеткен екен. Бұл немістердің өмір сүруіне қазақ жерінде бар жағдайдың жасалғанын көрсетеді. Дәл қазіргі таңда елімізде 181 958 неміс тұрып жатыр. Олардың 500-ден астамы Атыраудың «жергілікті» тұрғынына айналды.

Басқасын айтпағанда, қазақтың даңқты жазушысына айналған Герольд Бельгердің көзі тірісінде Германияға қайта оралуға мүмкіндігі болды. Бірақ, ол Қазақ жерін айырбастаған жоқ. Себебі, Қазақстан барлығымыз үшін шын мәніндегі қасиетті Отанға айналды. 

Әңгімелескен:

Баян  ЖАНҰЗАҚОВА.

 

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button