Жарнама
Қоғам

«Үздік оқырман» байқауының жеңімпазы анықталды

«ATYRAY» газеті Instagram әлеуметтік желісінде «Үздік оқырман»  байқауын өткізген еді. Байқау туралы  парақшаның тікелей эфирінде хабарланған болатын. Нәтижесінде 3 сағаттық тікелей эфир көрсетілімінде және газет парақшасында екі ай бойы белсенділік танытқан Назгүл Қобыланова желі қолданушысы жеңімпаз атанды.

— Сіздердің инстаграм парақшаларыңызға тіркеліп, тұрақты оқырман болып келе жатқаныма біраз болды. Облыста болып жатқан барлық жаңалықты дер кезінде жариялап, оқырманға жедел, нақты ақпарат беріп отырасыздар. Жұмыстарыңызға сәттілік тілей отыра, 100 жылдық жылнамасы бар облыстық газетті келе жатқан мерейтойымен  құттықтаймын ,- дейді Назгүл Ғабитқызы

Жеңімпаз оқырманға «Атырау-Ақпарат» ЖШС-нің баспахана өнімдері естелік ретінде  табысталды.

Айта кетсек, Instagram парақшамыз аз уақытта өз аудиториясын қалыптастырып үлгерді. Бүгінде парақшаның қаралым аймағы Казақстан бойынша 90,7 % ; АҚШ 1,4 % ; Ресей 1,3 % ; Түркия 0,9 %; Үндістан 0,7 % құрайды. Статистикаға сүйенсек, парақшадағы оқырманның 60,4 % — әйел; 39,5 % — ер адам. Апталық көрсеткіш деңгейі өте жоғары. Тіркелушілер саны күн санап артуда.

Жан-Ерке ХАЛИУЛЛИНА

Суреттерді түсірген: Ерлан АЛТЫБАЕВ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button