Үздік бастауыш партия ұйымы анықталып жатыр
Бастауыш партия ұйымдарының озық тәжірибесін насихаттау, партияішілік бірлікті нығайту мақсатында «AMANAT» партиясының ең үздік бастауыш партия ұйымдарын анықтауға бағытталған «Үздік бастауыш партия ұйымы» республикалық байқауы өтіп жатыр.
Жалпы байқаудың шарты негізінде бастауыш партия ұйымдары ІІІ санатқа бөлінген. Бірінші санатта құрамында 100-ге дейін, екінші санатта 100-ден 500-ге дейін, ал үшінші санатта 500 және одан да көп партия мүшесі бар бастауыш партия ұйымдары бақ сынайды.
Осыған дейін аумақтық партия филиалы деңгейінде І кезең қорытындысы бойынша І санатта «Атырау мұнай өңдеу зауыты» мен «Индер», ІІ санатта «Бірлік», «KPI», «Құрманғазы», «Бөдене», «Аққыстау», ІІІ санатта «Алға мәдениет үйі» мен «Майкөмген» бастауыш партия ұйымдары атқарған іс-шаралары аясында өз жұмыстарын ұсынды.
Бүгін байқаудың ІІ кезеңінде «AMANAT» партиясы Атырау облыстық филиалында комиссия мүшелері аталған кезеңге өткен бастауыш партия ұйымдарының жұмысымен танысып, арнайы критерйлерге сай бағалады. Үздік деп танылған жұмыстар республикалық ІІІ кезеңге жолданды.