Жарнама
Қоғам

«Үздік ауыл әкімі» республикалық конкурсы басталды

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 6 қазандағы  № 167-р өкіміменқабылданған «Рухани жаңғыру» бағдарламасын Ұлттық жаңғыру кезеңіне көшіру жөніндегі 2022-2024 жылдарға арналған жол картасының 82 тармағына сәйкес «Үздік ауыл әкімі» республикалық конкурсының басталғандығы туралы хабарланады.

Конкурсты өткізу кезеңі: 2022жылдың маусым-қазан айлары.

Конкурсқа қатысуға мемлекеттік қызметте әкім лауазымында үш жылдан кем емес өтілі бар, Әдеп кодексінің талаптарын бұзғаны, мемлекеттік қызметке кір келтіретін қылығы үшін алынбаған тәртіптік жазалары жоқ, сондай-ақ соңғы 1 жылда қоғамда теріс пікір тударатын әкімшілік жауапкершілікке тартылмаған, 2021 жылға «Б»корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау қорытындысы «тиімдіден» төмен емес  бағаланған кент, ауыл, ауылдық округ әкімдеріне жол беріледі.

Конкурсқа құжаттар 2022 жылдың 10 маусымынан бастап30 маусымына(қоса есептегенде)дейін қабылданады.

Конкурстың ережесі туралы толық ақпарат Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің аумақтық Департаментінің және облыс Әкімдігінің ресми сайтына орналастырылған (https://www.gov.kz/memleket/entities/atyrau-kurmangazy/documents/details/314058).

Конкурс құжаттарын ak.sabriyaeva@atyrau.gov.kz эл. поштасына жолдаңыз.

Конкурсты ұйымдастыруға байланысты қосымша сұрақтар бойынша (8/71233/21536, +7 778 296 19 01) тел. нөміріне хабарласуға болады

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button