Жарнама
Қоғам

ҰЛЫ ЖЕҢІСТІҢ ҚҰРМЕТІНЕ — 77 КӨШЕТ

Жеңіс күні қарсаңында Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Атырау облысы бойынша департаментінің қызметкерлері қаладағы «№3 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» мекемесінің ауласында 77 жас көшет отырғызды.

Енді сал ауруымен ауыратын, ақыл-ойы кем дамыған балаларға арналған мекеменің кең ауласынан терек, шаған (ясень), үйеңкі ағаштары жайқалып өспек.
​Орталық ұжымы тал егу жұмыстарына қатысқан 35 департамент қызметкеріне разылығын білдіріп, орталыққа арнаған ерекше қамқорлықтарына алғыс айтты.
– Бұдан өзге өңір басшысының тапсырмасына сәйкес, 16 мамырға дейін
Атырау қаласы бойынша санитарлық тазалық айлығы жарияланған болатын. Осыған байланысты қаладағы еріктілер де орталық ауласына ағаш отырғызды. Алдағы уақытта жас көшеттерге орталық мамандарымен қатар, балалар да күтіп-баптау жұмыстарына көмектесетін болады. Саялы бақ ерекше балалардың таза ауада бой жазып, табиғат аясында серуендеулеріне мол мүмкіндік береді, — деді «№3 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» мекемесінің директоры Анар Қаюпова.
Бүгінде орталықта 75 бала тәрбиеленуде. Олардың дені стационарлық бөлімде болса, қалғандары жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған жәутеңкөздер.

Алмас ҚАБДОЛОВ,
фотосуреттер автордікі

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button