Жарнама
Қоғам

Ұлы істер шағын әрекеттерден басталады

Елорда төрiнде ұйымдастырылған cессияға өңірлерден ҚХА мүшелері онлайн режимде қосылып, алда атқарылар жұмыс көлемінiң ауқымды екенiн ұғынды. Алдымен су тасқынынан зардап шеккен өңірлерге көмек беруде белсенділік танытқан барша қазақстандықтарға алғыс айтылып, тасқын судан зиян шеккендердiң қалыпты өмiрге оралуын қамтамасыз ету үшін тиісті жұмыстар атқарылып жатқанына маңыз берілді.

Алқалы жиында Ассамблеяның ел бірлігін іс жүзінде орнықтыра түсетін тиімді құрылым екендiгi айтылып, жалпыұлттық бiрлiк жолында жасап жатқан ауқымды жұмыстары аталды.
Мемлекет басшысының «Сын сағатта біз стратегиялық мақсат-міндеттерімізден айнымаймыз» деген ұстанымда болуы өз кезегінде бiздiң ел ретінде дамудың дұрыс бағытын таңдағанымызды бiлдiредi. Ұлттың жаңа келбетін айқындайтын құндылықтарды дәрiптеуде Ассамблеяның әлеуетін жұмылдыру – баршамыздың мойнымызға жүктелген мерейлі міндет деп бiлемiн. Иә, ҚХА атқарар жұмыс ауқымын межелеген алқалы жиынның артар жүгi елдің берекелі бiрлiгi жолында бiр жағадан бас, бiр жеңнен қол шығаруды талап етедi.
Президент ел дамуына керi ықпал ететiн нашақорлық, құмарпаздық, тұрмыстық зорлық-зомбылық, вандализм және ысырапшылдық сияқты әлеуметтік кеселдермен күресудi осы институтқа жүктеді. Қоғамдық кеселдерді түбірімен жоюға, ел болып қарсы тұруды тапсырды. Сондай-ақ, «ұлы істер шағын әрекеттерден басталатынын» жадымызда қайта жаңғыртты.
Сессияда айтылған әрбiр тапсырманы icке асыру бойынша нақтылы жоспар түзiп, cөз жүзінде емес, нақтылы ic жүзінде icке асыруға жұмылуымыз қажет. Әрқайсымыз жалпыұлттық бiрлiк пен татулықты көздейтiн игi бастамаларды жергілікті жерде icке асырудан шет қалмағанымыз жөн.

Кеңес ҚОСЫБАЕВ,
Атырау облысы ҚХА Ақсақалдар кеңесінің төрағасы

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button