Ұлттық ұландағы ашық есік күні (+ФОТО)

img 7781 Қоғам

 Атыраудағы Ұлттық ұланның 5546 әскери бөлім қалашығында «Ұлттық ұлан – патриотизм мен ерлік мектебі» акциясы өтті.  Жастарды патриотизмге тәрбиелеу мақсатында ұйымдастырылған шараға қала мектептерінің 10-11 сынып оқушылары қатысты.

Әскери бөлімге келген оқушыларды бөлім командирі полковник Манат Наукеев  Ұлттық ұлан әскери қызметшілерінің атқаратын негізгі жауынгерлік тапсырмаларын түсіндіріп, арнайы дайындалған көрме нысандарымен таныстырды.

Үш топқа бөлінген оқушылардың алғашқысына саптық алаңда әскери жауынгерлік техникалар, қару-жарақ түрлері көрсетілсе, екінші тобы сарбаздардың үй-жайымен танысуға казармаға бет алды.

Ал үшінші топ кинологиялық қалашықта қызметтік иттердің жауынгерлік тапсырмаларды орындау барысында қолданатын іс-әрекеттерінен көрсетілімдер тамашалады. Сондай-ақ клубта жас мектеп бітіруші түлектер назарына оларды әскери жоғары оқу орындарға тарту мақсатында Ұлттық ұланның академиясы туралы бейнероликтер көрсетілді. Бөлім командирінің орынбасары, подполковник Байрам Алиев әскери оқу орны туралы үгіт-насихат жұмысын өткізді.  

Жігері мен қайраты мол жастар үшін елеулі, тың жаңалық болған шара соңында мектептің әскери жетекшілері «Ашық есік» күнін ұйымдастыруға атсалысқан бөлім басшылығына алғысын білдірді.

Малика ШЫНЖІГІТОВА, лейтенант

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз