Жарнама
Қоғам

«Ұлттық киім — ұлт айнасы»

Ұлттық киім — кез келген халық мәдениетінің ажырамас бөлшегі. Ол жай ғана киім емес, бүтін ұлттың бет-бедерін айқындар ұлан-ғайыр тарих. Осы орайда ұлттық киімді дәріптеу мақсатында Халел Досмұхамедов атындағы Атырау университетінде «Ұлттық киім — ұлт айнасы» атты челлендж ұйымдастырылды. 

4508978c cf06 487c b781 e69a21fb7009 1

Дина Нұрпейісова атындағы Академиялық қазақ халық аспаптар оркестрі мен Гуманитарлық ғылымдар және өнер факультетінің студенттері сахнада күмбірлетіп күй ойнап, іс-шара шымылдығын ашты. 

Алғы сөз алған университеттің Басқарма төрағасы-ректор Саламат Идрисов: — 85 жылдық тарихы бар университеттің игі дәстүрлерінің бірі – ұлттық киімді насихаттау. Оқытушылар мен студенттер әрбір жұма күні ұлттық киім кию дәстүрін жалғастырып келеді. Қазақтың ұлттық киімі — халқымыздың сан ғасырлық тарихи өмір салты мен дүниетанымының жарқын көрінісі. Әрбір оюы мен өрнегі, әрбір сәндік элементі терең мағынаға ие және ұрпақтан-ұрпаққа жеткен шежіре іспетті. Осы құнды мұрамызды дәріптеу, сондай-ақ жастардың арасында ұлттық киімге деген сүйіспеншілікті арттыру мақсатында оқу орнында тағылымды шара өтуде. Бұл басқа да ұлттық құндылықтарымызды ұлықтау, мәдениетімізді жаңғырту, одан әрі насихаттау жолындағы маңызды қадам деп есептеймін,-деді.

Іс-шара тоғызқұмалақ, асық, ләңгі, бестас, арқантартыс, кір көтеру, білектесу сынды қазақтың ұлттық ойындарымен жалғасын тапты. Челлендж Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті, Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті, Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті, Евней Арыстанұлы Бөкетов атындағы Қарағанды университеті, Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті және Атырау облысының Білім басқармасына, колледждер мен мектептергежолданды.

Еркеназ ҚАЛИЖАН

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button