Үлкен кісілер орнын босатпайды

rabotayushhij pensioner budet poluchat zarplatu ili pensiyu 634x424 1 Қоғам

Бəрі дұрыс, бəрі орынды. Қандай құрылым болмасын, халық үшін, соның қалыпты тірлігі, ертеңгі сəулетті де дəулетті тұрмысы үшін жұмыс жасайды.

Менің айтайын дегенім – елдегі жұмыссыздық. Қазір жылы орындарын босатпай жүрген жұмыс жасаушы зейнеткер көп. Олар педагогтар мен медиктер арасында да, мұнай компанияларында да толып жүр. Сондықтан Үкімет зейнеткерлік туралы заңға өзгеріс енгізіп, оларға таңдау беруі керек: не жұмысының жалақысы, не зейнетақысының біреуін қала деп.

Естеріңізде болса, бұрынырақта жұмыс жасап жүрген зейнеткерлерге сондай ұсыныс жасалды. Қазір де осы əдісті қолдану керек. Əйтпесе, əрең жүрген зейнеткерлер өздіктерінен жұмысынан кетпейді, əрі еңбекақысын, əрі зейнетақысын алады. Ал, жастар өздеріне жұмыс таба алмай, бала-шағасын асырай алмай қиналып жүреді. Осы дұрыс па?!

Жақсылық ЖАРЫЛҒАСОВ

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз