Жарнама
Қоғам

Үкіметтік емес ұйымдарға арналған байқау

Өңірдің әлеуметтік саясатын жүзеге асырудағы үкіметтік емес ұйымдардың белсенділігін арттыру және жобаларына қолдау көрсетуге бағытталған «Qolday» облыстық байқауына өтінім қабылдануда. Жобаны Атырау облысы Ішкі саясат басқармасының «Азаматтық орталық» КММ-сі ұйымдастыруда.

Өтінімдер 2025 жылдың 9 шілдесінен бастап, 8 тамызына дейін qolday2025@gmail.com электрондық поштасы арқылы қабылданады.

Конкурсқа Атырау облысында тіркелген үкіметтік емес ұйым қатыса алады. Өтінімдер Конкурс ережесіндегі №1, №2 және №3 қосымшаларға сәйкес рәсімделіп, жоба туралы көлемі бес беттен аспайтын презентациямен бірге қабылданады..

Байқаудың толық ережесімен www.atyraunpo.kz сайтында танысуға болады.

Түсетін өтінімдер арнайы құрылған комиссиямен қаралады. Нәтижесінде, жеңімпаз атанған 6 үкіметтік емес ұйымның әрқайсысына 2 000 000 теңге көлемінде қаржылай қолдау көрсетіледі.

Қосымша ақпарат үшін байланыс нөмерлері: 8 702 595 60 48; 8 778 253 37 93

Анықтама үшін:

«Qolday» жобасы – алғаш рет 2021 жылы жүзеге асырылды. 2024 жылды қоспағанда, жоба жыл сайын өткізіліп келеді. Жоба аясында жалпы саны 15 жоба қаржыландырылды. Нақтырақ айтқанда, 2021 жылы – әрқайсысына 500 мың теңгеден 3 жоба, 2022 жылы – 1,5 млн теңгеден 6 жоба және 2023 жылы – әрқайсысы 1,8 млн теңгеден 6 жоба қолдау тапты.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button