Жарнама
Қоғам

ҮЙ АУЛАСЫНАН ҚОРАПҚА САЛЫНҒАН СӘБИ ТАБЫЛДЫ

Қарағандыда белгісіз біреу үй ауласына жаңа туған сәбиді қорапқа салып, тастап кеткен, деп жазады Tengrinews.kz.

15 шілдеде сағат 21.00-де Қарағандының орталық Полиция бөліміне қаладағы медициналық мекемелердің біріне көпқабатты үй ауласынан табылған жаңа туған сәби (ұл бала) жеткізілгені хабарланған. Оқиға орнына жедел-тергеу тобы келген. «21 жастағы куәгер кешке үйдің кіреберісінен шығып, орындықтың маңынан көрпеге оралған сәби салынған қағаз қорапты көрген. Қыз оны қолына алып, жақын маңдағы медициналық мекемеге апарған. Дәрігерлердің айтуынша, сәби шамамен екі сағат бұрын үйде дүниеге келген. Бала шала туған, ауыр халде. Қазір ол перинаталды орталықта, дәрігерлердің бақылауында», — деді полицейлер. Полицейлер баланың анасын — 23 жастағы облыс тұрғынын ұстаған. Бұл дерек полицияда тіркелген. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button