УАҚЫТ ТАЛАБЫНАН ТУҒАН ШЕШІМ
Бүгінде «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» бағдарламасын және «Қазақстан-2050» ұзақ мерзімді Стратегиясын жүзеге асыру үшін бар күш-жігерімізді бұрынғыдан да біріктіріп, Қазақстан жылдан-жылға гүлденіп, әлемнің белді әрі беделді мемлекетінің біріне айналуына әр қазақстандықтың жеке өз үлесі болуға тиіс. Өйткені ынтымақты елге ырыс дарып, бақ қонатындығын ширек ғасырға жуықтаған тәуелсіздік жылдарында анық көз жеткізгендей болып келеміз. Қазақстан Республикасының Конституциясы республикада президенттік және парламенттік сайлауды бір уақытта өткізуге тыйым салады. Себебі, Мемлекет Басшысының да, Қазақстан Республикасы Мәжіліс депутаттарының да өкілеттігінің мерзімдері 2016 жылы аяқталады. Қазақстан Республикасында азаматтық қоғамды қалыптастыру үшін, әлемдік тәжірибеде көрсетілгендей, Президент үлгісіндегі өте мықты мемлекеттік билік керек.
Барша отандастарымыздың Президенттік сайлауды мерзімінен бұрын өткізу жөніндегі ұсыныстарын Елбасының қабыл алуы көрегендіктің белгісі деп білемін. Сәуірдің 26-шы жұлдызына белгіленген Президент сайлауына Нұрсұлтан Әбішұлының үміткер ретінде қайта сайлауға түскенін мен де қалаймын.
Төлеміс ҚИЗАТОВ,
Исатай аудандық
ардагерлер кеңесінің төрағасы.