Жарнама
Қоғам

Тыныштық орнауы маңызды

«Қазақ-қырғыз бір туған» деген ұлағатты түсінік бала күнімізден біздің санамызға сіңіп кеткен. Сондықтан, Қырғызстан Қазақстаннан шекарасы бөлек, өз алдына егеменді ел болса да, оларды  іргелес көрші, халқы араласып жүрген стратегиялық, достық тұрғыдан бізге жақын, діні мен тілі, салт-дәстүрлері де бір-біріне ұқсас мемлекет ретінде танимыз. Ендеше, осындай көрші елде қашанда тыныштық, бірлік пен ынтымақтастықтың  орнағанын қалаймыз.                                                                                                            

Қазір қырғыз елінде орын алып жатқан жағдай сол мемлекеттің ішкі мәселесі екені  анық. Бұл бағытта мемлекеттік ұйымдардың шешімімен келіспеушіліктер сол елдің заңы негізінде шешілуі тиіс екені де түсінікті. Десек те, бұл көтерілісті ұйымдастырып жүргендердің араларында арандатушылардың да болуы әбден мүмкін. Бірақ, қазіргі дүние жүзін тығырыққа тіреп жатқан пандемияның кесірінен экономиканың құлдырап тұрған кезеңінде қырғыз ағайындардың сабырға келіп, орын алған келіспеушілікті заң шеңберінде шешуі аса маңызды.                                           

Бүгін ел арасындағы ахуал Қырғызстанның күштік құрылымдарының әлсіздігін көрсетпейді. Керісінше құзырлы орын өкілдері сабырлылық танытып, мәселені қан төгіске ұластырмауы өте орынды. Осы бағытта олар халық тарапынан жасалып жатқан кейбір қылмыстық әрекеттерді кейіннен жауапқа тарту әдісіне көшіп отыр деп ойлаймын.                                                                                          

Қалай  десек те, көршілес ел билігінің өз халқымен өзара оң шешімге келіп, мемлекетте тез арада тыныштық пен бірлік бір арнаға тоғысса екен.

Дүйсенбек  ГАЙСИН,

                                  Ішкі істер министрлігінің құрметті ардагері,

                                   отставкадағы полиция подполковнигі 

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button