Қоғам
ТЫЛ ЕҢБЕККЕРЛЕРІМЕН КЕЗДЕСУ
Шара өмірден өткен Ұлы Отан соғысы ардагерлер мен тыл еңбеккерлерін бір минут үнсіз тұрып еске алумен ашылды.
Тыл еңбеккерлері Тәжиева Райхан әже мен Нұрғалиев Жетпіс, Қойшығұлов Ерболат аталар қошеметпен сахнаға шақырылып, олардың өмір жолдары туралы естеліктер айтылды.
Кездесу кешінде ауыл өнерпаздарының күшімен ән шырқалып, күй тартылды, тыл еңбеккерлеріне естелік сыйлықтар тарту етілді.
Руфина ТЕМІРҒАЛИЕВА,
Құрманғазы ауданы.