«Түркістан екі дауір есігі ғой»…

img 20220423 wa0035 Қоғам

Жүгімізді буып-түйіп шығар ауызға жиналған бізбен Түркістан шахары арамызыды тек тоқтаған пойызымыздың темір есігі ғана бөліп тұр.

Бір кезде түсуге пәрмен бергендей темір есік тез ашылды. Ар жағынан қош келдіңіздер, қалайсыздар, қалай жеттіңздер деген сұрақтар тоқтаусыз жаууда. Алдымыздан осы жаққа бізден бір күн бұрын жеткен жетекші апайымыз жылы шыраймен қарсылап алды. Чемодандарымызды сүйретіп жалдамалы пәтерімізге жеткізуге келген көлікке қарай аяңдадық. Жолай ұзын сонар кәуәпханалардың түтінінің иісі мұрынымызға еріксіз кеп тығылды. Ал жаңа пісіріп, буын бұрқыратқан тағамдарын өткізу үшін айхай сап хабарлап жүрген әйелдердің дауысы вокзалды жаңғыртады. Вокзалдан шығып Төле би даңғылымен жөйткіп келе жатқан көлігіміздің ішіндегі біздер, жолдың екі шетіңдегі сарайдай сәулеті келіскен ғимараттарға кезек-кезек көз тастаймыз деп пәтерімізге қалай келгенімізді аңғармай қалыппыз. Көше сәулетіне назар салсақ алыстағы ғимараттың не сауда үйі, не қонақ үй, не мешіт екенін айыру қыйын. Себебі көп құрлыстың басына күмбез орнатылған. Осыған қарап қаланың өзіне тән құрлыс стилін қалыптастырғаны еріксіз таңқалдырады. 

Заттарымызды орналастырып болып қалаға қайта шықтық. Киелі өлкеге келгендіктен ата-баба рухына тағызым жасап бүкіл ғұмырын хақ дінді дәріптеумен өткізген Қожа Ахмет Яссауй бабамыздың кесенесіне зиярат қылдық. Небір аңыз адамдардың аяғы тиген жерде жүріп кешегі өткен аталарымыздың көзін көрген дүниелердің куәсіне айалдық. Бұрын соңды кеп жүрген жандардың айтуынша кесененің айналасындағы көрініс қатты өзгерген. Олай дейтін себеп бой көтергеніне көп болмаған алып құрлыс «Керуен- сарайдың» көркімен астасып жатқан көне кесене құдды бір өткенмен бүгіннің бейнесіндей. Осы орайда «Түркістан екі дүние есігі ғой» деген өлең жолын өзгертіп, «Түркістан екі дауір есігі ғой» деген ой санамда сайрап жатты. 

    Ертеңгі болатын олемпияданың алғашқы күніне қамдану мақсатымен пәтерімізге қайта оралдық. Келесі күні таңмен университет аумағына келіп алғашқы кезеңнің басталу уақытын үлкен толғанспен тостық. Ашылу салтанаты әдеттегідей университет ректорының сөзімен басталды. Барша қатысушылар болып үлкен сахынаға көтеріліп тобымызды таныстырып өттік. Әр университеттің атынан кеп тұрған студенттердің бетінде жеңіске деген үлкен жігердің бейнесі бар. 

Келесі кезең бейне сюжет бәйгесі кезінде дайындап әкелген жұмысымыз тәуелсіз сарапшылардың әділ сынынан өтіп лайықты бағасын алды. Кейін үзіліс барыснда еліміздің әр өңірінен жиналған жастармен танысып білістік. Сондай сәттердің бірінде осы оқу орнында білімін жетілдіріп жатқан жерлесімізды жолықтырып қалдық. Осында ұйымдастырушы топтың мүшесімін деп таныстырған ол, уақытты тиімді пайдалану үшін университет ауласын аралатып әр корпусты толық танысып өтті. Сол уақытта олемпияданың 2-ші кезеңі де басталып кеткен болатын. Оған қатысқан әріптесіміз жақсы нәтиже көрсетіп топтық ұпайдан алдыңғы қатардан орын тептік. Осымен жарыстың бүгінгі кезеңдері тәмәм болды. Ендігі кезек ұйымдастырушылардың экскурсиялық бағдарламасына сүйеніп Алматы облысының жаңа облыс Түркістанға тарту еткен «Алатау» медия орталығына сапар шектік. Жоғарғы сапалы техникамен жабдықталған бұл орталықта «Түркістан» телеарнасы мен 3 бірдей газет филялы орналасқан.

 Жұмысын жаңа бастаған орталықтың тыныс-тіршілігіне куә болған соң мәдениет сарайында арнайы әзірленген 30 жобаның таныстырылым концертіне қатыстық. Ұстаздық қылып жүріп музыкамен айналсып қос бірдей тізгінді ұстаған күміс-көмей оқытушылардың әуезді әніне құлақ түріп, таңдай қақтық. 

Кейін қандас түрік оқытушылардың «Ауыз ашар» қонақ асынан дәм татып әр өңірден жиналған жастармен кешкі серуенге шығып, таныстығымызды одан әрмен жалғай түстік.

img 20220423 wa0031
img 20220423 wa0032
img 20220423 wa0033
img 20220423 wa0034
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз