Тұрғын үйге ­– ТИІМДІ НЕСИЕ

dom COVID-19: Соңғы поштадан...

Аtr.kz/11 мамыр, 2020 жыл. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төтенше жағдайды қамтамасыз ету жөніндегі Мемлекеттік комиссияның кезекті мәжілісінде сөйлеген сөзінде елімізде халыққа қарапайым халыққа қолжетімді тұрғын үй құрылысын дамытуға баса назар аударылып отыр.

 Сәйкесінше, бұған мемлекет тарапынан тиісті қолдау көрсетілетін болды. Бұл ретте, осыған дейін қабылданып, жүзеге асырылып жатырған «7-20-25» бағдарламасынан бөлек, болашақта «5-10-20» деп аталатын жаңа бағдарламаның іске қосылатындығы айтылды. Ол негізінен тұрғындарды несиеге берілетін қолжетімді баспанамен қамтамасыз етуді көздейді. Осы мақсатта дағдарысқа қарсы шараларға бағытталған қаражат шеңберінде 390 млрд.теңге жұмсалатын болады.

Осылайша, биыл республикамызда тұрғын үй құрылысының рекордтық көрсеткішіне қол жеткізу межеленген. Нақтысын айтқанда, Қазақстанда салынатын тұрғын жайдың жалпы ауданы 15 млн.ш/м-ді құрайды немесе жаңадан 150 мың пәтер мен үй пайдалануға беріледі, деп күтілуде. Оның үстіне, халықтың тұрғын үй жағдайын жақсарту жаңа құрылыс салумен ғана шешілмейтінің ескерген Мемлекет басшысы ескі үйлерді терможаңғыртудан өткізу үрдісін жалғастыру қажеттігін де меңзеді. Және бір жағымды жаңалық, Үкімет осы жылдың соңына дейін «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-ның негізінде «Отбасы банкі» институтын енгізуі тиіс.

Сайып келгенде, осының бәрі ел азаматтарының қолжетімді тұрғын үймен қамтылуына бағытталған игі қадамдар болып табылады. Бұл үрдіске басқа қаржыландыру құрылымдарымен қатар біздің мекеменің де өзіндік үлесін қосатындығына сенім мол.

Нұрбол ҚҰРМАН,

«Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ Атырау облыстық филиалының директоры

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз