ДАРЫНДЫҒА – ДАҢҒЫЛ ЖОЛ

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев 2014 жылғы 21 желтоқсанда отандық жетекші телеарналардың өкілдерімен кездесіп, сұхбат берген болатын. Міне, сол баспасөз мәслихатында: «Қазақстандықтар техникалық білімнің маңыздылығын барған сайын түсініп келеді. Мен Атырауға барғанда «Теңізшевройл» компаниясы мамандар даярлайтын оқу орнын салып жатты. Оған Алматы мен Астананың университеттерінің түлектері оқуға келді. Онда бір жылдың ішінде кен орындары үшін инженерлер даярланып шығады. Бұрынғы заңгерлер, бухгалтерлер қайта даярлықтан өтіп, инженер мамандығын алды», - деді.

 

Қазіргі таңда өндірістік маңызы бар мамандықтарды таңдау үшін жастарға мектептен бастап терең білім берілуі тиіс. Бұл ұстаздарға үлкен жауапкершілік жүктейді. Мұғалімдер қауымы тер төгіп, баланы ғылыми тұрғыда жұмыстануына бағыттасақ, еңбектенсек, оқушыларымыз сол білімді меңгеріп, мақсатты түрде ыждағаттылық танытса, білім сапасы жоғарылар еді. Сөйтіп, болашақта жақсы маманның қалыптасуына ықпал етер едік. Кәсіби, білікті маман көп болса, болашағымызға да сеніммен қарайтынымыз айқын.

Елбасы: «Мен жастар – біздің болашағымыздың тірегі дегенді әркез айтып келемін. Мемлекет жаңа буынның алдында барлық есіктер мен жолдарды ашты! «Нұрлы Жол», міне, біздің креативті ырғақты жастарымыздың күш-жігер жұмсап, құлаш сермейтін тұсы –осы», -деді. Осы айтылған ойды жүзеге асыру үшін мектеп пен жоғары оқу орындарының арасында байланыс болғаны дұрыс.

Күләш МҰҢАЙТПАСОВА,

Атырау қаласындағы С.Мұқанов атындағы

№10 мектептің мұғалімі.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз