Жарнама
Қоғам

ТУРА БИДЕ ТУҒАН ЖОҚ…

Сапалы судьялар корпусын жасау – бүгінгі басты міндеттің бірі. Ұлт жоспарында көрініс тапқан бұл мәселе судьялыққа кандидаттарды іріктеудің қатаң тетігін жолға қойды.

Жалпы, судьяның жұмысы– үнемі қоғамның назарында. Қызметтің көпшілік сипаты халықпен тікелей байланысты болғандықтан, судьяны әрқашан ұстамды болуға, процессуалды заң нормалары мен соттық әдеп кодексін шағым мен сын келтірмей қатаң сақтауға міндеттейді. Әділ сотты жүзеге асырудың күрделілігі де осында жатыр. Себебі, істі қарау барысында екі жақты бірдей қанағаттандыру мүмкін емес. Тараптардың бірі міндетті түрде наразылық білдіреді. Өйткені, әркім өз мүддесін көздейді. Елбасының «Ұлт жоспары – қазақстандық арманға бастайтын жол» атты мақаласында да сот жүйесіне көңіл бөлуі судьяларға қосымша үлкен жауапкершілік жүктейді.

Судья – халықтың адамы. Оның сөз саптауы, іс-қимылы – барлығы дерлік көпшіліктің көз алдында. Сол себепті сот төрелігін үлкен өмірлік тәжірибесі бар және жоғары моральдық ұстанымдарға ие ең лайықты, әрі барынша дайындалған кәсіби шеберлер жүзеге асырулары тиіс.

Бұл ретте Елбасының «Судьяларды іріктеу мен тағайындау үдерістері қоғам үшін мөлдір және ашық болады» деуі судьялардың кәсібилігін арттыруды талап етеді. Осы айтылғандарды іске асыруда бүгінде сот жүйесінде бірқатар жұмыс қолға алынды. Сот залдары аудио және видеожазу құрылғыларымен жарақтандырылуда. Мұның өзі сот мәжілісінде басқа да қатысушыларды тәртіпке шақырып, әділ соттың орнауына әлдеқайда септігін тигізеді. Осылайша, құқықтық мемлекеттің талаптарына жауап беретін сот жүйесі орнайды.

Бақытгүл ДҮЙСЕБАЛИЕВА,
№2 Атырау қалалық сотының судьясы.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button