Жарнама
Қоғам

«Тұңғыш Президентіміз халыққа қиын шақта рухани қолдау білдірді»

Atr.kz/8 сәуір, 2020 жыл. Иә, біздің мемлекетіміз бұған дейін де өтпелі кезеңдерді бастан кешіріп, талай қиыншылықтардан сүрінбей өтті. Бүгінгі таңда да қауіпті індеттің алдын-алуға Қазақстан әлем елдері арасында алғашқылардың бірі болып кірісті.

Бұл шақты да бәріміз біріге отырып еңсеретінімізге сенімдімін. Елбасы Нұрсұлтан Назараевтың «Egemen Qazaqstan» газетінде жарияланған мақаласы көптің көңіліндегі күдікті сейілткені сөзсіз. Мен мұны ҚР Тұңғыш Президентінің қазіргідей кезде халыққа білдірген рухани қолдауы деп түсіндім.

Рас, біз тәуелсіздік жылдары өмірге келіп, даму жолындағы кедергілерді көрмей өстік. Аға буын біздің бейбіт елде алаңсыз білім алуымызға, ел, жер көруімізге үлкен мүмкіндіктер жасады. «Болашақ» бағдарламасы арқылы шет елдің атағы жер жаратын бегілі университеттерінен тегін білім алуының өзі неге тұрады?

Ал, жанұя құрған жас отбасыларға мемлекеттік бағдарлама арқылы жеңілдікпен баспанаға қол жеткізу де қамқорлық екені даусыз. Тіпті, жоғары оқу орнынан күні кеше ғана түлеп ұшқан тәжірибесіз мамандарды «Жастар тәжірибесі» арқылы жұмысқа орналастыру мыңдаған жастың еңбекке араласуына оң әсерін тигізгені белгілі.

Демек, ендігі кезек – Мағжан Жұмабаевша айтсақ, «арыстандай айбатты, жолбарыстай қайратты» жас буын өкілдерінде! Еліміздің ең үлкен байлығы – адами капитал болғандықтан, әрбір қазақ ұлттың кемелді келешегі үшін өзін қорғаудан бастау керек. Бұл ретте, мақаттық жастар да алдымызда қандай қиындықтар кездессе де, оларды жеңіп шығатынымызға сенемін.

Ақжұлдыз ОРАЗОВА,

«Асар» волонтер тобының мүшесі,

Мақат ауданы

http://atr.kz/bez-rubriki/bireui-zhylyojly%d2%9b-atyrauda-koronavirus-zh%d2%b1%d2%9btyr%d2%93an-ta%d2%93y-t%d3%a9rt-adam-tirkeldi/

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button