Атырауда бір жасар бала көлікте кілттеніп қалды

screenshot 20220825 112210 Қоғам

Атыраулық құтқарушылар бір жасар баланы кілттеніп қалған көліктен құтқарды.

25 тамыз күні сағат 08.28-де Атырау қаласы, Геолог ы/а, Б.Ермұханов көшесі мекен-жайы бойынша автокөлік ішінде бір жасар бала кілтеніп қалғандығы туралы хабарлама келіп түсті.
Шақырту орнына дереу жеткен құтқарушылар 1,5 жастағы бала автокөлікте кілттеніп қалғандығын анықтады. Көліктің жанында баланың анасы болды. Құтқарушылар баланың анасынан уайымдамауын өтініп, көлікті қарап, авариялық-құтқару құралдарының көмегімен салонның есігін ашты.
Бала аман-есен анасы тапсырылды. Жағдайы жақсы болғандықтан медициналық көмекті қажет етпеді.
Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаменті ата-аналарға сақ болуға, балаларды автокөлікте жалғыз қалдырмауға және кілттерді көлік ішінде қалдырмауға шақырады.
Оқыс оқиға болған жағдайда 112 нөміріне қоңырау шалу қажет.

Атырау облысы ТЖД
Қоғаммен байланыс тобы

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз