Жарнама
Қоғам

ТШО-ДАҒЫ БІР АЙ КӨП ІСКЕ ҮЙРЕТТІ

 

Биылғы өндірістік тәжірибемді мұнай алыбы саналатын «Теңізшевройл» кәсіпорнында өткіздім. Еліміздегі тұңғыш қазақ-американ кәсіпорны атанған өндіріс ошағы өңірімізге алғашқы болып инвестиция әкелушілердің бірі. 1993 жылы іргетасы қаланған кәсіпорынның алғашқы келісім-шартына Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қол қоюы, оның «ғасыр келісімі» атануы да зор мақтаныш.

Осындай елімізге белгілі «Теңізшевройл» компаниясында бір айда көп  тәжірибе жинақтадым. Мұндағы әр қызметкердің жауапкершілігі, өз істеріне деген адалдығы мен терең білімпаздығы мені таңғалдырды. Олардан үйренгенім мол болды. Бұл үшін компанияның Талшын Мусина, Мәдина Құрманғазиева, Кимберли Кинчело, Зара Қалдыбаева, Самат Жанглишев сынды жауапты қызметкерлеріне шексіз ризамын.

Практика кезінде тәжірибе жинақтай жүріп, ондағы өткізілген шараларға да белсене қатыстым. Солардың бірі Атырау колледждері оқытушыларының ТШО-ның бас кеңсесінде болып, оның қызметімен танысуы болды.

Бір ай бойына өткен практикадан алған әсерім шексіз. Тәртіп, жинақтылық, әр іске жауаптылық компания қызметкерлерінің басты міндеті екен. Сондай-ақ оларға жасалып отырған әлеуметтік, тұрмыстық, қызметтік жағдайлар да өте жоғары деңгейде. Бұдан еліміздегі барлық кәсіпорындар үлгі алса игі.

Тәжірибеден сүрінбей, сәтті өтуіме мүмкіндік сыйлаған Жанат Орынбаева, Руслан Нұрымбетов, Альбина Имашева, Сәкен Ысқақов, Ильяс Иманбеков, Нұргүл Асқар сынды аға буынға алғысым мол. Компаниядағы мамандар қатарында қазақстандықтардың көптігі де мені ерекше қуанышқа бөледі. Бұл ел болашағының білімді жастар қолында екендігін көрсетеді.

Компанияда өткізген күндерім — студенттің өз білімін шыңдауына өндірістік тәжірибенің тигізер пайдасы мол екендігін дәлелдеді. Алдағы белестерімізде бұл күндердің сабақ боларына сенімдімін.

Айнамкөз ӘБІЛХАН,

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия мемлекеттік университетінің ІІІ курс студенті, Н.Назарбаев атындағы стипендия иегері.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button