Жарнама
БЕЙНЕЖАЗБАҚоғам

Ұлттық ұлан қауіпті індеттен құтқаруға дайын (+ВИДЕО)

Atr.kz/3 сәуір, 2020 жыл. Қазіргі уақытта әлемде орын алған пандемияға қатысты әскери қызметкерлердің де жауапкершілігі артты.

https://youtu.be/JQfrTBM2aOo

Олар Президент тапсырмасына сәйкес өздеріне жүктелген міндетті жұмыла көтеруде. Осы орайда төтенше жағдай кезіндегі облыстағы  сақтық пен тәртіпті қадағалауда атқарылып жатқан күнделікті қызметке Атырау қаласындағы Ұлттық ұланның 5546 әскери бөлімінің 100-ге жуық жауынгері бөлінді.

«Қашан да елдің айбыны бола білген Ұлттық ұлан әскерлері қауіпті індеттен қазақстандықтарды қорғау жұмыстарына бейжай қарамайды. Қазіргі уақытта олар полиция қызметкерлерімен бірге әскери нарядта қызмет етуде. Жаяу топтар бойынша — 20, автопатруль бойынша екі маршрутта қоян-қолтық жұмыс жүргізілуде. Жауынгерлердің барлығы мұндай сәтте халыққа қорған болу қажеттігін терең ұғынады. Бұл ретте олар өз күштерінің бірлікте екенін де алға қойды» дейді  Қазақстан Республикасы Ұлттық ұлан «Батыс» өңірлік  қолбасшылығының баспасөз қызметінің бастығы, подполковник Ерболат Сұлтанов.

Оның айтуынша, аталған әскери бөлімнің санитарлық қызметіне де баса мән берілген. Мұнда медициналық қызметкерлер бөлімге  келетін әскерилерді күнделікті тексерістен өткізіп, тазалықты қатаң қадағалауда.

«Жатын бөлмелер мен асхана ұдайы залалсыздандыруда. Бетперделер мен қолғаптардың да болуы тексеріледі. Қауіпті індеттің алдын алуда медициналық қызметкерлер тәулік бойы қызмет етуде. Әскерилердің барлығы қазіргі уақытта күшейтілген жұмыстарды абыроймен атқаруға дайын. Ең бастысы — еліміз аман болып, бейбітшілігіміз баянды болсын! Мемлекет басшысының  Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің аумақтық әскерлерін жасақтау үшін әскери міндеттілерді арнаулы жиындарға шақыруының да басты мақсаты осы. Бұл ретте Қазақ елінің жарқын болашағы үшін әскерилер күні-түні қызмет етуге дайын» дейді спикер.

Алтыншаш Құрмашева

http://atr.kz/bez-rubriki/100-d%d3%99riger-koronavirus%d2%9ba-shaldy%d2%9bty-degen-a%d2%9bparat-zho%d2%9b%d2%9ba-shy%d2%93aryldy/

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button