
«TOMIRIS-2025» жобасы мәресіне жетті
Жоба Атырау облыстық ішкі саясат басқармасы мен облыс әкімі жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның қолдауымен, «Шаңырақ-2008» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен өтті.

Биыл жобаға облыс бойынша қоғамдық өмірде белсенді, түрлі салада еңбек етіп жүрген 129 қыз-келіншектен өтінім түсіп, олардың ішінен 50 қатысушы іріктеліп алынды. Жоба аясында еліміздің жетекші сарапшылары қатысушыларға арнап көшбасшылық, тиімді коммуникация, қоғамдық бастамаларды ілгерілету, медиа сауаттылық сынды тақырыптарда семинар-тренингтер мен шеберлік сабақтарын өткізді.
– «TOMIRIS-2025» жобасы – бұл тек білім беру алаңы ғана емес, сонымен қатар жаңа идеялар алмасу, тәжірибе бөлісу және өңірдегі әйел көшбасшылардың белсенді қауымдастығын қалыптастыру алаңы болды, — деді облыс әкімі жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі бас инспектор Зәмзагүл Жалмурзина.
Жобаның салтанатты жабылу рәсімінде барлық қатысушыға сертификаттар табысталды.
Тоғжан ЕРМЕК