ТОҚСАНДАҒЫ ТАЙЫР АҒА
Тайыр Ғұмарұлы да көптеген қазақ солдаты сияқты елі мен жерін, туған халқын фашистерден азат етуге 1942 жылы аттанып, одан 1947 жылы оралған. Елге оралысымен Батыс Қазақстан, Маңғыстау өңірлерінің геологиялық барлау мекемелерінде еселі еңбек етіп, білімін жетілдіріп, инженер-экономист болып қызмет істеген. Шара барысында Тайыр ағамен қоян-қолтық жұмыс жасаған, оның адамгершілік қасиеттерін көре білген інілері, еңбек ардагерлері – Бағытжан Құсниев, Болат Өтебаев, облыстық «Прикаспийская коммуна» газетінің қызметкері, ардагер журналист Любовь Монастырская аға туралы жылы лебіздерін білдіріп, өткен өмірден естеліктер айтты.
Мұражай директоры Рашида Харипова құрметті қонақ – Тайыр Ғұмарұлының иығына шапан жауып, сый-сияпат көрсетсе, оқушы Нұрдәулет Аязбаев пен мұражай қызметкері Ерлан Тілекқабылов тоқсанға толып отырған ардагер атаға арнау өлеңін оқыды.
«Шексіз өмір жоқ, — деді ардагер аға шара соңында. — Мен үшін осыншама құрмет көрсетіп жатқан басшыларға, мұражай қызметкерлеріне, бір сөзбен, бәріңізге алғысым шексіз. Еліміз тыныш болып, бағымыз жана берсін!»
Л.Шайхашқызы.