«ТІЛШІ БОЛҒЫҢ КЕЛСЕ…» БАЙҚАУЫ
Шара мақсаты – БАҚ саласында жұмыс жасауға ынталы, мақала жазуға қабілеті бар таланттарды анықтап, журналистика саласына бағыттап, тәрбиелеу. Олардың облыстық, аудандық газеттердің редакцияларында шығармашылығын шыңдап, қызмет атқаруына мүмкіндік туғызу. Алдағы уақытта республикалық БАҚ-тарда да қызмет атқаруына алғышарт жасау.
Байқау материалдары Елбасы Жолдауына, мемлекеттік бағдарламаларға байланысты елімізде, сондай-ақ Батыс Қазақстан облысында жүзеге асырылып жатқан істерді жан-жақты көрсетуі керек. Сонымен қатар, Ғұмар Қараштың өмірі мен өлеңі, жалпы қайраткерлігі жөнінде көсемсөз бағытындағы бір материал болуы тиіс. Сондай-ақ, ел мен өлке тарихы, ұлы тұлғалар хақында танымдық мақалалар, ұлттық салт-дәстүрді насихаттап, жас ұрпақты отаншылдыққа, елдік рухта тәрбиелейтін материалдарды жолдауға болады.
Қатысушылар Ғұмар Қараш туралы бір мақала және басқа тақырыптарға екіншісін тапсыруы керек.
Байқауға қатысушылар өз аты-жөні, қызмет немесе оқу орны, байланыс телефондары жөніндегі мәліметтерді қоса жіберуі тиіс.
Материалдың көлемі 14 шрифтісімен Times New Roman қарпімен теріліп, A4 форматындағы 2 беттен кем болмауы тиіс және қатысушы бұрын еш жерде жарық көрмеген туындыларын ғана ұсына алады. Материалдар 1 сәуірден бастап 1 қарашаға дейін қабылданады.
Бас жүлде – 100 мың теңге. Сондай-ақ, материалдардың сапа-мазмұнына қарай қазылар алқасының шешімімен басқа да жүлделер, ынталандыру сыйлықтары табыс етіледі.
Байқау ережесін zhaikpress.kz сайтынан да оқуға болады. Қосымша ақпарат алу үшін «Жайық Пресс» ЖШС-не (Орал қаласы, Мұхит көшесі, 57/1) келіп жолығуға немесе 8/7112/ 51-25-80 және 54-31-91 телефондарына хабарласуға болады. Материалдарды осы мекен-жайға тапсыруға және «Орал өңірі» (oral_oniri@inbox.ru) мен «Приуралье» (pri_ru@mail.ru) газеттерінің электронды пошталарына жолдауға болады.