«7-20-25»: Үйі бардың күйі бар

7 20 25 Экономика

«Нұрлы жол» және «7-20-25» несиелік бағдарламаларының ауқымында облыста тұрғын үй құрылысы ерекше қарқын алды. Бүгінде 3892 пәтерлік 44 көп қабатты тұрғын үй тұрғызылып жатыр. Оның 34-і биыл пайдалануға тапсырылады. 39 үй облыс орталығынан бой көтерсе, қалғаны аудандарда салынуда. Бұл – тәуелсіздік жылдарындағы аймақтағы ең жоғары көрсеткіш.

«7-20-25»

Атырау қаласы әкімінің орынбасары Нұрлан Таубаевтың айтуынша, несиелік тұрғын үйлермен қатар, кезекте тұрғандардың 13 санаты үшін әлеуметтік тұрғын үйлер де салынады.

– Мұндай көп көлемде пәтерді пайдалануға беру жылжымайтын мүлік нарығындағы бағаның төмендеуіне оң әсерін тигізеді деп ойлаймыз, – дейді қала әкімінің орынбасары.

Қазіргі жағдай жеке құрылыс салушылардың айрықша қызығушылық танытуының нәтижесінде мүмкін болыпты.

«Кәсіпкерлерді бірінші кезекте өңірдің қолайлы инвестициялық ахуалы, бизнес жүргізу үшін жайлы жағдайлар қызықтырады. Өңір басшысының тапсырмасы бойынша біз мемлекеттік қолдаудың барлық мүмкіндіктерін жасай отырып, әрбір құрылыс салушымен жеке жұмыс жасаймыз. Бұл өз кезегінде іске қосылатын тұрғын үйлер санының ұлға-юына жол ашты», –  дейді Нұрлан Таубаев.

Амандық АБДОЛ

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз