Жарнама
Қоғам

Телефон қажет десек те…

Жуырда танысымыз Америкадан оралды. Әлемнің жетекші елінен алған әсері ерекше екен. Әсіресе, оның бүгінгі қоғамның келеңсіз тұсы – ұялы телефонға тәуелділікке қатысты айтқаны ой салды.

ЕАС 102

– АҚШ-тың байланыс жүйесіндегі жаңалықтар таңдай қақтырады. Соған қарамастан біздегі секілді жасы бар, кәрісі бар қолындағы телефонға үңіліп, өзге дүниені ұмытатындарды аз кездестіресің. Байланыс құралымен қажет кезінде сөйлеседі, керек емес уақытында қолданбайды. Ересектер балаларына да осы талапты қоятынға ұқсайды. Бәрінен де қайран қалдырғаны – қолы бос адамдардың шұқшиып кітап оқып отыратындығы. Таңертең жапатармағай газет алып жататын халық та көп, — дейді әңгімелесушіміз.

«Таңның атысы, күннің батысы қолымыздан телефон түспейтін бізге бұл кезеңге қашан өтеміз екен?!» деп толғануға болар. Дегенмен, мәселеге сыналай көз салсақ, кемшіліктің бір ұшы өзімізде жатқан секілді. Қазір үйдің үлкендері дастархан басында аталы сөз айта бермейді. Күнделікті күнкөріс қамының ар жақ, бер жағында ой қорытады. Керісінше, олар кітаптағы, газет-журналдағы байыпты әңгімені тілге тиек етсе, жеткіншектің оған деген қызығушылығы оянар ма еді дейсің. Қолына телефон ұстаған жас шектеу, бақылауды қажет етеді. Оларды интернеттің иірімінен шығару үшін ересектердің өздері де телефонға телміруді қойғаны жөн-ау…

Азамат БАЗАРБАЕВ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button