Жарнама
Қоғам

ТЕЛЕДИДАРДА – ТӨЛ КИНОМЫЗ

«Бізде киноиндустрия саласы дамымаған» деген пікірлерге тосқауыл болған «Қасым» телесериалы туралы бір жаман пікір айтылған жоқ. Қанша рет көрсең де, жалықпай қарауға болатын, мағынасы мол туынды. Расында да, елімізде талантты режиссерлер де, актерлер де аз емес. Өзгелердің ұлттық салт-дәстүрлерін дәріптеп, кәріс, үнділердің үйіндегі оқиғаға бас ауыртып, соларға уақыт кетіргенше, отандық телехикаяларды көргеніміз тамаша емес пе?
Жалпы, отандық жобалар мен телехикаялардың санын арттыру — бұл әлемдік үрдіс. Ал, осынау ізгі іске бастамашы болып отырған «Қазақстан» ұлттық телеарнасы ұсынған «Ағайынды» телехикаясы, «Туған елдің түтіні», «Ұлжан», «Парыз», «Көк тарландары», «Өмір өткелдері» және басқа да телехикаяларды көрермендер жылы қабылдаған болатын.

Айтуған Құлназар,
зейнеткер,
Мақат ауданы.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button