«ТӘУЕЛСІЗДІКТІҢ НЕГІЗІН ҚАЛАҒАН – ЕЛБАСЫ»

Осындай тақырыппен еліміздің тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың туған күніне және Астана күніне орай облыстық тарихи-өлкетану мұражайында жәдігерлер мен фотосуреттер көрмесі ұйымдастырылды.

 

Оған қалалық оқушылар орталығынан 30-ға жуық оқушы мен ағылшын тілін үйрету, шахмат ойындарына баулу, мектепке дейінгі даярлық, қолөнер бұйымдарын жасау мен сурет салу  үйірмелерінің жетекшілері қатысты. Жәдігерлерді мұражай қызметкері Қалыбек Өтешов таныстырды. 

Ал, тәуелсіздік залынан «Сындарлы он жыл», «Президенттің балалық шағы» және «Ақ Орда» кітаптары орын алды. – Мұражайда көп жылдан бері тәуелсіздік залы жұмыс жасап келеді, ол жыл сайын жаңартылып отырады. Мұнда мұнай, балық шаруашылығы, мәдениет, білім, ғылым сияқты көп салалар қамтылған. Отызға тарта жәдігер мен тарихи-тағылымдық фотосурет көшірмелері сақталған, – дейді мұражай басшысының ғылыми істер жөніндегі орынбасары Күміс Аймұханова.

 

Амандық  АБДОЛОВ.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз