ҒАЛЫМДАР ҮЛЕСІ ДЕ МОЛ БОЛМАҚ
Қазақстан Республикасы Ауылшаруашылығы министрлігі, Ауылшаруашылығы өнімінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру жобасының үйлестіру орталығының ұйымдастыруымен және дүниежүзілік банктің қаржыландыруымен конкурстық гранттар жүйесі бойынша өткен жылдары үш грант жеңіп алды. Олар: «Ұлттық шұбат және «Софмайя» сусынын дайындау технологиясын жасақтау және енгізу», «Cапалы балық шұжығын жаңа технологиямен дайындаудың микробиологиялық негізі, оны жасақтау» және «Мал сүрлемін дайындауда микроорганизмдердің жаңа штамдарын қолдану технологиясын жасақтау». Бұл жобалар бойынша белгілі мөлшерде құрал-жабдықтар сатып алуға, семинарлар өткізіп, брошюра, кітаптар шығарып, іссапарларға барып тәжірибе алмасып, ақпараттық құралдар арқылы жаңа технологияны таратуға мүмкіндік алған болатынбыз.
Біздің жобаға магистранттар мен студенттер де қатысуда. Жалпы, балық шұжығы – бағалы тағам, бұрынғы «Атыраубалық» АҚ, кейін «Жайықбалық» АҚ-да бірнеше жылдар бойы бұл өнім дайындалған, бірақ сақталу мерзімі өте аз болғандықтан, бұл тағам шығарылған жоқ. Жаңа технологияны қолданып сақталу мерзімін ұзартып, табиғи екінші реттік өнімдерді (бидай, күріш кеуегін), антагонистік қасиеті бар микроорганизмдерді қосып дайындау арқылы сапасын арттыру мақсатында жұмыс жүргізілген болатын. Жоба бойынша бірнеше ғылыми мақалалар жарияланды, студенттер дипломдық жұмыстарын қорғаса, ал магистранттардың магистрлік диссертациясына арқау болды. Өкінішке орай, балық шұжығын жаңа технологиямен дайындауды өндіріске енгізу бенефициар болып бекітілген «Жайықбалық» АҚ жабылуына байланысты мүмкіндік болмады. Бұл жобалар коммерцияландыруды күтуде.
Университет ғалымдары биыл да еліміздің Білім және ғылым министрлігінің 2015-2017 жылдарға арналған ғылыми зерттеуді қаржыландыру конкурсына бірнеше жоба бойынша өтінім берген болатын. Қазіргі уақытта нәтижесін күтуде.
Өскелең ұрпақтың келешегі және ғылым мен білімнің болашағына жете көңіл бөлу қажет екендігі сөзсіз. Білім мен ғылымға құштар жастарға – Нұрлы Жол!
«Оның көздеген межелеріне қалайда жететін мақсаткерлігі бар. Мәңгілік Ел – Тәуелсіздіктің өмірлік философиясы. Бұл қағидаларды мүлтіксіз сақтай отырып, біз Отанымыздың көк байрағын ұстаймыз, оны Қазақстан дамуының жаңа биіктеріне асқақтата желбіретеміз. Бұл – біздің мәңгілік ұстанымымыз», — деп толғайды Елбасы. Біз де Тәуелсіздік толғауын толғана оқи отырып, ғылым мен білім, инновация жолында еңбектене түсеміз.
София САҒЫНДЫҚОВА,
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің «Биотехнология» ғылыми зерттеу орталығының директоры,
биология ғылымдарының докторы, профессор.