АЛҒЫС АРҚАЛАҒАН СӘТ

Баспасөз және ақпарат қызметкерлерінің күніне орай, Мәди Тәкиев бастаған Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері атыраулық  журналистерді кәсіби мерекелерімен құттықтады.

 

– Алдымыздағы 14 тамыз күні Мемлекеттік кірістер департаменті болып құрылғанымызға толық бір жыл толады. Бұл департаментке еліміздің салық жүйесі, кеден саласы, экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі біріктірілген. Бүгінде бұл 700 қызметкер тынымсыз еңбек етіп жатқан ең үлкен мемлекеттік орган. Бәріміздің атымыздан сіздерге шығармашылық табыс, жанұялық бақыт және зор денсаулық тілейміз, – деді департамент басшысы.

Осыдан соң белгілі қаламгерлер – «Атырау-Ақпарат» ЖШС-нің директоры Төлеген Берішбай, директор орынбасары Өтеген Нәукиев, облыстық «Атырау», «Прикаспийская коммуна» газеттерінің бас редакторлары Исатай Балмағамбетов, Нәсіп Шалабаева және тілшілер Амандық Абдолов, Светлана Новак, «Қазақстан-Атырау» телеарнасынан Айымгүл Хайруллина департамент басшысының қолынан Алғыс хат иеленді. Өз кезегінде Төлеген Сақтағанұлы да журналистер атынан Мәди Тәкиевке рахметін Алғыс хат арқылы жеткізіп, жылы лебізін жолдады.

Өз тілшіміз.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз