Тәртіпке бас иген құл болмайды

200402192214209a3632970i COVID-19: Соңғы поштадан...

Atr.kz/9 сәуір, 2020 жыл. Халқын сабырға шақырып, елінің амандығын тілеген  Елбасы бұл жолы тағы бір мәрте нағыз сұңғыла саясаткер, Ұлт көшбасшысы, Отанының нағыз патриоты  екенін таныттыкөрсете.

Ұлы ойшылдар мен ғұламалардың, от ауызды, орақ тілді ақын-жазушылардың даналық сөздерін өз мақаласында келтіре білген  ол халықты бірігуге, тарихта бұрын-соңды кездеспеген қауіпті кеселмен, қатерлі індетпен  бірлесе күресуге шақырды. 

Еліміздің ең үлкен байлығы – адам өзінің, отбасының, ата-анасы мен бала-шағасының өміріне, денсаулығына зор жанашырлықпен, ерекше жауапкершілікпен қарауы керек. Өйткені, ұлт денсаулығы – мемлекет қауіпсіздігінің құрамдас бөлігі.  Пандемия мұнайдың бағасын құлдыратып, кәсіпорындар жұмысының тоқтатылып, жабылуына, кәсіпкерліктің  дағдарысқа ұшырауына әкеп соқтырды.  Жаппай жұмыссыздық көбейді. Біздің елімізде ғана емес, бүкіл әлемде  бұрын-соңды болмаған дағдарыс орын алды.

Дейтұрғанмен де, бірліктің арқасында бұл қиындықтан да аман-есен шығатынымызға кәміл сенемін. Осы орайда айтарым, әлеуметтік желілеріндегі алып-қапша әңгімелерге сене бермей, ресми ақпараттарға құлақ түріп, соны тыңдайық, ақиқатына жүгінейік. Жоғарыдан берілген талап пен нұсқауға бағынайық. Тегінде «тәртіпке бас иген құл болмайды» деген халықтық қағиданы қаперден шығармайық. Бірлігі мықты елдің рухы да биік болары сөзсіз.

Райса БИТКОВА,

«Светоч» славян этномәдени бірлестігінің төрайымы

http://atr.kz/bez-rubriki/barly%d2%93y-42-atyrauda-ta%d2%93y-%d2%afsh-adam-koronavirus-indetimen-tirkeldi/
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз