Жарнама
Қоғам

ТӘРБИЕ – ТАЛБЕСІКТЕН

 

— Дәстүрлі ислам дінін насихаттауда аймақта «Шапағат» қорының үлесі туралы айтсаңыз…

— «Шапағат» қорының ұйымдастыруымен дәстүрлі дінімізді насихаттау мақсатында былтыр облыста әртүрлі форматта 99 іс-шара ұйымдастырылды. Сонымен қатар, білікті теологтар Е.Әміре, Е.Алпысбаев, Қ.Әділханұлы, А.Аташев облыс көлемінде сегіз мыңнан аса адамды қамтыған бірқатар насихат жұмыстарын  қолға алды.

Қордың ұйымдастыруымен өткізілген шараларға ҚР Дін істері агенттігі төрағасының орынбасарлары Ғалым Шойкин, Ерлан Әбдақасов, Еуразия ұлттық университетінің доценті, филология ғылымдарының кандидаты Нұрлан Ман-сұров, ҚМДБ-ның ағартушылық және ғаламтор насихаты бөлімінің меңгерушісі Ершат Оңғаров және арнайы шақыртумен келген шетелдік шейх Мұхаммед Хашим Жамаллуддин, басқа да елімізге белгілі, білікті теолог-дінтанушылар қатысты. Олар атыраулықтардың, соның ішінде, әсіресе, жас-тардың дін төңірегіндегі сұрақтарына тұшымды жауап берді. Сондай-ақ, ҚМДБ-ның Атырау облысының «Иманғали» орталық мешіті және облыстық дін істері басқармасымен тығыз жұмыс жасауда.

— Мәңгілік Ел идеясының мәні мен маңызын қалай түсінесіз?

Қазақ елі – ықылым заманнан бері татулық пен бірлікті ту еткен халық. Бір жағынан қазақтың бірден-бір рухани тірегі – ислам дінінің де насихаттағаны осы –татулық пен бірлік. Қазақтың «Бөлінгенді бөрі жейді» деген сөзінің өзі түптің түбінде Мұхаммед пайғамбарымыздың (с.ғ.с.): «Көпшіліктен бөлінбе, себебі, бөлінген қойды бөрі жейді» деген хадисіне барып тіреледі.

Осы тұста айта кетерлігі, Елбасының Мәңгілік Ел идеясы – қазақты келешекке қанаттандыратын позитивті бастама. Биылғы Жолдаудың атауы да осыған сай «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» деп таңдал-ған. Мұхаммед пайғамбардың (с.ғ.с.) сахабаларының бірі Абдулла ибн Амр: «Мәңгі өмір сүретіндей тіршілік жаса…» деген екен.

Аймақтағы молдалардың білімі мен біліктілік деңгейі туралы пікіріңіз қандай?

Жасыратыны жоқ, имам молдалардың барлығының діни сауаты жоғары емес. Олардың ішінде исламтану немесе дінтану мамандығы бойынша жоғары білімді имамдар аз. Сол себепті бүгінге дейін «Шапағат» қоры «Иманғали» орталық мешітімен бірлесіп, қала мен аудандардағы имамдардың біліктілігін көтеру бағытында бір апталық семинар өткізді. Мұнымен қоса, аудан орталықтары мен ауылдық округтердегі имамдар үшін екі айлық курс ұйымдастырылды. Курсты бітірген 50 азамат сертификатқа ие болып, қазіргі таңда онға жуығы аудандарда имамдарға көмекші болып қызмет етеді. Аталмыш семинарлар мен курстарға қатысушылар теологтардан Құран, сенім, құлшылық, ислам тарихы, діни мәзһабтар мен ағымдар тарихы және діни рәсімдер пәндері бойынша дәрістер тыңдады.

— Дін маманы ретінде радикалды жат ағымдарды құрықтаудың қандай жолдарын ұсынар едіңіз?

Заң органдары осы уақытқа дейін радикалды жат ағымдарды насихаттаушылардың біразын құрықтады. Мен өз кезегімде қоғамда желше есіп жүрген жат ағымның жат діни пікірлерінен елді, әсіресе, жастарды сақтандыру керектігін баса айтқым келеді. Осы ретте жастардың діни сауатын арттыру мақсатында семинарлар, кездесулер, тренингтер ұйымдастыру, олардың  сұрақтарына тұжырымды, дін ғылымына негіздеп жауап беруді кешенді түрде ұйымдастырған жөн. Лаңкестікті жою, оның залалы мен зиянын ашуда мемлекеттік органдар, қоғамдық бірлестіктер, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері бірге иық тіресе жұмыс жасаулары қажет. Дәстүрлі исламды уағызшылар бұқаралық ақпарат құралдары арқылы халыққа дұрыс діни ақпарат жеткізуле-ріне мүмкіндікті кеңейту қажет деп санаймын.

— Бүгінде жастар арасында өз-өзіне қол жұмсау жайлары өршіп тұр. Осы орайда имамдардың жас жеткіншектермен жұмыс жасауын, психологтық қасиетін қалай бағалайсыз?

Қазақстан тұрғындарының суицизмге бару себептері әртүрлі. Біреу қарызға белшеден батқан соң, кейбіреулер жүйкесі сыр беріп, психологиялық күйзелістерге төзе алмағандықтан өзіне-өзі қол жұмсайды. Көп жағдайда қиналып жүрген адам айналасындағылардан жылу көре алмайды. Қоғам ішінде халыққа қызмет көрсететін орындардың өзінде келген адаммен дұрыс мәміле жасай алмайтындарды көріп, қарның ашады. Мұсылманға тән мейірімділік, жанашырлық жетіспей жатады. Осылай дерттеніп жүрген адам қоғамнан қолдау таппаған соң шешімді өз-өзіне қол жұмсаудан табады. Сондықтан, халық арасында дініміздің тәрбиелік жағы әлі де көп насихатталуы керек.

Суицизмнің алдын алудың бірден-бір жолы – оның себептерін анықтау. Әрине, оны алдын ала анықтау қиын. Бұл үшін адамның жүріс-тұрысы мен мінез-құлқындағы өзгерісті отбасы немесе ұжымы ескеріп, психологтың көмегіне жүгінуі қажет. Молдаға дем салдырып көру де артық етпейді.

Сұхбатты жүргізген Алтыншаш ҚҰРМАШEВА.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button