Қазақ спортшыларына арналған монументалды кескіндеме

img 20201218 wa0026 Жаңалықтар

Қазақ спортының даму тарихын сипаттап, қазіргі спорт тарландарының жетістіктерін қалың жұртшылыққа таныту мақсатында, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінде «Қазақ спорт тарихы» монументалды кескіндеменің ашылу салтанаты өтті.

«Жайық» спорт кешенінің директоры Амантай Мұханбетәлі: «Біздің бүгінгі батырларымыздың ерліктері оңайлықпен келген жоқ, кезіндегі сақтар, ғұндар, қыпшақтар секілді ата-бабаларымыздың, осынау далиған кең даланы аманат жүктеп кетті. Бұл кескіндемеде, спорттың әртүрінің негізін қалаушылар бейнеленген»,-деді.
Тәуелсіздік күні қарсаңында ашылған кескіндеменің ашылу рәсіміне мәдениет қайраткерлері, ұстаздар, спортшылар қатысып, ерекше әсер алды.
Кескіндемеде ата дәстүрлерімізбен қатар, сайын даланы өзінің бұла күшімен таңқалдырған Қажымұханнан бастап, бүгінгі былғары қолғап шеберлерінің бейнелері берілген.
«Ата-бабаларымыз армандаған бүгінгідей тәуелсіздік оңайлықпен келген жоқ. Бұл тәуелсіздіктің жолында, жанқиярлық ерліктер, бабаларымыздан қалған тектілікті көреміз. Университетте өтіп жатқан шара, жастарымызды патриоттыққа тәрбиелеп, үлкен жетістікке жетулеріне септігін тигізеді деп ойлаймын. Әрдайым жаңашылдықтың жаршысы болып жүретін университет ұжымына, барша қатысушыларға алғыс айтамын. Тарихты білмей, болашақты болжау мүмкін емес. Спорт тарихын көтеру арқылы, келешек ұрпақтың алар асулары көп бола бермек»,- деді «Нұр Отан» партиясы Атырау облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Нұрлыбек Ожаев.
Кескіндемеде суреттелген туған жердің табиғаты, ұлттық ойындары мен салт-дәстүрлері, қазақ спортының жарық жұлдыздарымен қатар, Тәуелсіздіктің 5 жылдығына арналған монумент кейінгі жастарға тәрбиелік үлесі зор.
Айса Отаралиев, Қамбарбек Аманов, Нұрлан Бермағамбет сынды суретшілер, кескіндеменің көпшіліктің көңілінен шығуына аянбай тер төкті.

Алмас ҚАБДОЛОВ

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз