Жарнама
Қоғам

«ТӘРБИЕ – ТАЛБЕСІКТЕН…»

 

Атап айтқанда, орынсыз жүктілік, жыныстық өмірге ерте ұрыну, контрацепция құралдары мен әдістері жайлы ақпараттың жеткіліксіздігі түсік тастаулардың артуына және тағы да басқа келеңсіз жайттардың өсуіне әкеп соқ-тырып отыр. Бұл ретте Мемлекет басшысының «Саламатты Қазақстан» бағдарламасы бойынша іс-шараларды жүзеге асыру мақсатында облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы жанынан «Жарқын болашақ» жастар денсаулық орталығы ашылып, қызмет көрсетуде.

— Орталықта 15-29 жас аралығындағы жастарға ақысыз негізде, құпия түрде медициналық-психологиялық әлеуметтік көмек көрсетіледі. Оқу жылы бойы жалпы білім беретін мектептерде жоғары сыныптарда оқитын қыздар үшін түрлі тақырыптарда гинеколог маманның қатысуымен дәрістер оқылды. Жасөс-пірімдік кезеңдегі жыныстық мәселелердің алдын алу үшін ақыл-кеңес, көмек сұрап келгендер үшін орталық маманына 5730 қыз қабылдауға келсе, оның ішінде үш жасөспі-рімнің жүктілігі тіркелген. Психологтың көмегіне 703 жасөспірім жүгінген,-деді Дина Базарбайқызы. Ол, сонымен бірге, жоспарланған ақпараттық жұмыстарын жүргізумен қатар, жас қыздар мен жүкті аналар арасында «Отбасын жоспарлау. Күтпеген жүктіліктің алдын алу» бойынша бір мың респондентке әлеуметтік зерттеу жүргізілгенін айтты. Оның қорытындысында жасанды түсікке қатысты 59,9 пайызы келіспейтінін білдірсе, 5,8 пайызы «үйреншікті жағдай» екенін жасырмаған.  Сол себепті, Д.Камелова өткен жылдармен салыстырғанда жүктілікті үзу азайғанмен, әлі де жасалатын жұмыс жеткілікті екенін атап көрсетті.

Отырыста комиссия мүшелері қыздарға жасалатын жатыр мойны ісігіне қатысты екпелер туралы сұраған еді. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары екпелерге қатысты оң көзқарасын білдірді.

— Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының отырысында осы мәселе көтерілді. Бұл екпелер біздің елімізде тегін жүргізілуде. Әйелдер арасында жатыр мойны ісігінің көбеюіне байланысты оның алдын алу үшін жасалынуда. Оның құрамына қатысты көпшілік келіспеушілік білдіреді. Алайда, қант диабетіне қарсы дәрілердің ішінде де осындай қоспалар кездеседі,-деді ол.

Ал, аталған комиссияның мүшелері Мәдина Ғабдісәлім-қызы, Рәшилә Мұрсалиева, Нұржиян Абдолова, Миллят Сабырқызы алдымен отбасындағы тәрбиеге көбірек алаңдаушылық білдірді. Күрмеуі қиын мәселелерді жиналыстарда қозғаумен қатар, ата-аналар арасында да жиі талқылау керек. Облыстық телеарналардан тәрбие мәселесіне қатысты ток-шоулар ұйымдастырып, басылым беттерінде үлкен проблемалар қозғалып отыруы шарт.

— Өзім кейбір аудандық газеттерге де жазылып, үнемі оқып отырамын. Жақында Жылыой ауданында бір қыздың өз анасын өлтіргенін естіп, төбе шашым тік тұрды. Айдың-күннің аманында туған шешесіне қастандық жасауы не масқара? Демек, тәрбие мәселесіне көп көңіл бөлу керек. Қолдан келгенше бұл жұмыстарды атқаруға дайынбыз,-деді Миллят           Сабырқызы.

Қоғамдағы әйелдердің рөлін және гендерлік теңдігін арттыруда Атырау облысы Іскер әйелдер қауымдастығының атқарған іс-шаралары аз емес екен. Оның құрамында күні бүгінде 160 іскер қыз-келіншек тіркелсе, соның ішінде алпысқа тарта әйел белсенді түрде түрлі шараларға қатысатын көрінеді. Сонымен қатар, биыл Іскер әйелдер қауымдастығының және Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның ұйымдастыруымен аймақта алғаш рет «Гендерлік бал» өткізілген.

Комиссия төрайымы, облыс әкімінің орынбасары Айгүл Әжіғалиева отырыста айтыл-ған ұсыныстардың орынды екенін, жоспарда осы мәселелер ескерілетінін айтты.

Айбөпе САБЫРОВА.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button