
«Таңдау – сенің қолыңда!
Атырау қаласының Жастар ресурстық орталығының өкілдері студенттердің арасында құқық бұзушылыққа жол бермеу, есірткі мен лудоманияның зиянын түсіндіру, салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында «Таңдау – сенің қолыңда!» тақырыбында кездесу өткізді.

–Бүгінгі кездесудің басты мақсаты — есірткі мен оның адам өміріне келтіретін залалының алдын алу. Есірткі — қоғамды жойқын қауіпке ұшырататын қауіпті дерт. Ол тек жеке адамның емес, тұтас қоғамның өміріне зиян келтіреді. Егер сіздер есірткіге бой алдырсаңыздар, тек өз өміріңізді ғана емес, жақындарыңыздың, ата-аналарыңыздың үмітін де талқандаған боласыздар. Сондықтан есірткімен күрес — әрқайсымыздың міндетіміз, — дейді Атырау қаласының Жастар ресурстық орталығының басшысы Мәнсия Сағидоллақызы.

Кездесуге қатысқан студенттерге өздерін толғандырған сұрақтарын анонимді түрде қоюға мүмкіндік беретін QR-код жүйесі арқылы сұрақ-жауап ұйымдастырылды.
Тоғжан ЕРМЕК