ТАЭКВОНДОШЫЛАР ЖҮЛДЕСІ
Командалық есепте Атырау құрамасы II орыннан көрінді. Жеке салмақ дәрежесінде I орынды Айбар Дүйсебаев (74 кг), II орынды Үмбет Шакиев (87 кг), III орынды Амантұр Табылдиев (63 кг), Дастан Мұратов (74 кг), Әнуарбек Насихатов (80 кг ) иеленсе, кыздар арасында Ирина Гайдук (63 кг), Айза Өтегенова (73 кг) алды. Спортшыларды ҚР еңбегі сіңген жаттықтырушылар М.Қабдрашев, Н.Дүйсембаев, Б.Төребаев және халықаралық дәрежедегі төреші А.Тоқтабаев жаттықтырып, тәжірибелерін үйретіп келеді.
Сондай-ақ, жаттықтырушылар 1-3 қарашада Астана қаласында ерлер мен әйелдер арасында өтетін ҚР Чемпионатына да спортшыларды дайындауға кірісіп кеткен. Бұл чемпионат келесі жылы Оңтүстік Кореяда өткізілетін Азия ойынына іріктеу болмақ. Жастар арасында ҚР Чемпионаты жылдың аяғына дейін өткізілмек. Себебі, келесі жылы жастар арасында әлем чемпионаты және жастар арасында екінші жазғы Олимпиада ойыны Қытайда өтпек.
Айта кету керек, Атырау облысында бұл спорт түріне әркез ерекше көңіл бөлініп келеді. Соның ішінде, Бейжіңде өткен олимпиадасының қола жүлдегері атанған Арман Шылмановтың ҚР спорт агентствосында таэквондодан мемлекеттік жаттықтырушы шеніне қызметке орналасуы да облыс үшін тағы бір мәрте мерей болмақ.
Нұргүл ЫСМАҒҰЛОВА.