Жарнама
Қоғам

ТАБЫС КӨЗІ – ІЗДЕНІСТЕ

Осы орайда мұғалімдер қауымының ұлт болашағын тәрбиелеудегі табысты еңбегін айтқым келіп отыр. Жеткіншектердің заман талабына сай алға ұмтылып, алдына қойған мақсаттарына жетуі үшін мұғалімдер түрлі деңгейдегі бағдарламалар бойынша біліктілігін арттыруға баса көңіл бөліп келеді.
Бүгінде мектебіміздегі бірнеше мұғалім Кембридж тәсілінің теориялық негіздерінен тәжірибелерден өтуде. Оқу үдерісіне енгізілген тың тәсілдер мен оң өзгерістер оқушының өз бетінше үйреніп, белсенді өмірлік көзқарастары артуына мүмкіндік беруде.
Өткен оқу жылында 11-сынып оқушысы Айзада Жайықова облыстық ғылыми пәндер олимпиадасынан жүлделі орын алса, республикалық «Ақжелкен» журналының жас тілшісі және республикалық «Ұлан» газетінің ҚазҰУ-дің журналистика факультетімен бірлесіп ұйымдастырған шығармалар байқауының жеңімпазы атанды. Мектеп оқушысы Жәрдем Ақжол республикалық «Атадан туған аруақты ер» атты Махамбет оқуларында ІІ орынды иеленсе, халықаралық «Алаш оқуларында» Дана Қалихан мен Венера Шофер арнайы дипломдармен марапатталды. Облыстық ғылыми жобалар байқауында Айкөркем Ізбасар мен Кәмшат Тәжіктің «Зәкәрия шығармаларындағы ұлтжандылық тәрбие» тақырыбындағы жұмыстары жоғары бағаланды. Келер жылда да білім мен тәрбиеде мектеп мақтаныштары қатары толыға түсетіні сөзсіз. Жаңа жылымыз жаңа жетістіктер әкелсін!

Айнагүл ТЕМІРБОЛАТОВА,
Кенбай орта мектебінің
жоғары санатты мұғалімі.
Қызылқоға ауданы.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button