Қоғам

ТАҒЫЛЫМДЫ КЕЗДЕСУ

 

Кездесу соңы Студенттер сарайында өткен «дөңгелек үстелмен» жалғасты. Жиында Қысқы универсиадаға дайындық аясындағы студент жастардың спорт мәселелері әңгіме өзегі болды. Алғаш болып сөз кезегін алған оқу орнының ректоры, экономика ғылымдарының докторы, профессор Әли Әбішев жоғары оқу орнында атқарылып жатқан шараларға тоқталып, алдағы жоспарлар туралы баяндады.

Өз кезегінде Қазақ-Америка еркін университетінің президенті Ережеп Әлхайырұлы көрсетілген құрмет пен ыстық ықыласқа ризашылығын білдірді. Көз алдында қалыптасқан институттың қалыптасу тарихына бір сәт тоқталып, іргелі білім ордасына айналарына сенім білдірді. Бүгінгідей жетістіктеріне шынайы қуанып, алдағы бастамаларға сәттілік тіледі.

Қазақ спорт және туризм академиясының ректоры Қайрат Қайроллаұлы да институттың болашағы зор екенін баса айтты.

Кездесу барысында мәртебелі меймандардың білімді, дені сау ұрпақ тәрбиелеудегі еңбектері еленбей қалмады. Атырау мұнай және газ институтының тарихында есімдері қалсын деген ниетпен Ережеп Әлхайырұлына «Химия технологиясы» кафедрасының, ал, Қайрат Қайроллаұлына «Дене шынықтыру және спорт» кафедрасының «Құрметті профессоры» атақтары берілді. Профессор дипломдарын ректор өз қолымен табыстап, ұжым атынан құттықтады.

Сонымен бірге, жиында сөз сөйлеген облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Нұржан Ермұханов өңірдегі спортшы жастардың жетістіктері мен жалпы облыстың спорттық өміріндегі басты өзгерістерге тоқталып өтті.

Бейбітгүл НҰҒЫМАНОВА,

Атырау мұнай және газ институты  маркетинг басқармасының жетекші маманы.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button