ТҰЗДЫКӨЛДЕ ДЕМАЛЫС ОРНЫ АШЫЛСА…
Кейін марқұм анам Зәру «Сен ол кезде кішкенесің, білмейсің ғой. Мен қатты ауырғанда атам сол тұзға түсетіндерге мені аманаттап ертіп жіберіп, кейін құлан-таза айықтым» дейтін. Демек, Дендер тұзы, Қыз әулие басы аса қасиетті.
Мен мұны бүгінгі ұрпақ бойында туған жерге деген сүйіспеншілік оянсын, өз өңірінің тамаша тарихын білсін деп қозғап отырмын. Оның үстіне, соңғы екі-үш жылда облыстық «Атырау» газеті мұнайлы мекенде де туризмге сұранып тұрған тамаша орындар бар екендігі жөнінде жиі жазып жүр. Соған құлақ асатын кез келді-ау.
Мәселен, Тұздыкөл қазір-ақ демалыс орнына сұранып тұрған жоқ па? Мұнда әркім өзінше келіп, сырқатына шипа іздеп жүр. Ал, соны заңдастырып, барлық жағдайы қарастырылған демалыс орнына айналдырса ше? Менің ойымша, соған жұмсалған қаражат өзін толығымен ақтайды. Бүгінде жұрт ақшасын шашып, қалтасын қағып, демалысқа шетел асып кетеді. Ал, осында жайлы жағдай туғызса, алысқа ағылғандар бері бұрылады. Ең бастысы – сыртқа кетіп жатқан қыруар қаражаттың өзімізде қалатындығы. Жергілікті бюджет толығады. Әсіресе, экологиялық тұрғыдан ауыр саналатын аймақтың тұрғындары ауруынан сауығып, дертіне дауа табады.
Бақтылы ЕЛЕШОВА,
Атырау қаласы.