Жарнама
Қоғам

Төтеп беру қайда -а -а?

Жетінші рет қатын алыпты, 
Бұл жолы шығынданып
Жалғыз сиырын сатып алыпты,
Сөйтіп қарызға
Батып алыпты!
-Дегенді естіп,
Бара қалдым,
(Біздің жақта мұнсыз болмайды!)
Жеңгейді жуу үшін,
Әрине, арақ алдым!
Барсам, балтыры – бесіктей,
Омырауы — есіктей,
Кеудесі – бір бөлек,
Бөксесі – бір бөлек,
Іркілдеген,
Ірі қатын екен, не керек!
Ілесіп төрт бала келіпті,
Бір-біріне ұқсамайтын керемет!
Сөйтсем, бұл жеңгем де,
Төрт балаға,
Төрт байдан
Алады екен «әлемет!»
Аздап қуырдақтан алғасын,
Бірер жүз грамм,
Барар жерге барғасын,
Нағашыммен,
Әзілдесе бастадым.
(Өзім де қарап жүрмейтін, қасқамын!)
-Әй, нағашы!
Кейбіреу түн қатып
Терлесе де,
Тіпті үш күн ұйқы,
Көрмесе де,
Балшықтан бала жасап,
Ала алмайды!
Амал жоқ, асық жілік ұстатып,
Бала асырап алып,
Амалдайды!
Өзің бір аузыңның салымы күшті
Неменесің?!
Үйленсең болды,
Безпылатны балаға кенелесің!
-Деп едім, нағашы:
(Қызып қалған-ау, шамасы!)
-Е, жиен!
Кір-қоңыңды жуып беретін,
Ішкенде, айықтырғышқа түсірмей,
Желкелеп, қуып келетін!
Қатын іздеп бұл нағашың,
Атырау облысын түгелге жуық
Шиырлады!
Қайтейін, тайқы маңдайыма,
«Присебі» жоқ қатын,
Бұйырмады!
-Дей бергенде жеңгеміз
Тап беріп,
Желкесінен шап беріп,
Бөртіп отырған батырды
Етік құрлы көрмей,
Табалдырықтан лақтырды!

* * *
-Иә, жиен, ойла!
Төрт баймен төбелесіп,
Тәжірибе жинаған қатынға,
Төтеп беру қайда –а –а?!
Алты жеңгеңе «әлимент» төлемей,
Ақшасына,
Бір тренер жалдасам да,
Бокс үйреніп,
Бәлем, осы қатыннан,
Өшімді алмасам ба?!
-Деп нағашым қораның ығында,
Жырып кеткен, жараларын,
Санап отыр!
«Ауру қалса да, әдет қалмас»,
Сиыр саууға шыққан,
Көрші келіншекке
Тамсанып, қарап отыр!
Елубай Наурызәлиев,
Құрманғазы ауданы.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button