Жарнама
Қоғам

ТҮРІКТЕРМЕН ТӘЖІРИБЕ АЛМАСТЫ

 

muftyat.kz сайтының хабарлауынша, іссапардың алғашқы күнінде қазақстандық делегация Түркия дін істері басқармасының бас кеңсесінде болып, Жалпы ақпарат бөлімінің директоры, доктор Юксел Салманмен кездесті. Кездесу барысында ақпараттық негізде атқарылып жатқан жұмыстар баяндалып, тараптар өз тәжірибелерімен бөлісті.

Атап өтер бір жайт, Түркия дін істері басқармасында  «Басылымдар», «Мерзімдік басылымдар мен кітапханалар», «Шет тілдегі басылымдар», «Телевизия және радио» сынды төрт бөлім жұмыс жасауда. «Басылымдар» бөлімі күнтізбелер, кітаптар, күнделікті намаз кестесін, типографиялық өнімдер шығарумен айналысса, «Мерзімдік басылымдар» бөлімі «Diyanet», «Aile» (Жанұя), «Cocuk» (Балақай) секілді журналдар шығарумен айналысады. Түркияда Дін істері басқармасының қарамағынан бөлек 50 діни радио мен 20 діни телеарна тұрақты түрде жұмыс істеп отыр. «Сол себепті де азаматтар арасында дінді қате түсіну немесе басқа ағымдарға оңай ілесіп кету проблемалары жоқ» дейді бауырлас елдің діни көсемдері.

Түрік елінің діни басқармасы күні бүгінге дейін халықтың сауатын ашу мақсатында 4 миллионға жуық кітап басып шығарып, тегін таратқан.

Өз тілшіміз.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button