ТҮРІ БАСҚА, ТІЛЕГІ БІР

Атырау қаласындағы этномәдени бірлестіктер жанындағы балалар үйірмесінің шығармашылығы көпті қызықтырып отыр. Жақында  «Дархан - 1» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Айғанша Тілеужанова «Қоғамдық келісім және достық үйі» КМК-да кішкене балалардың қолынан шыққан дүниелерді тамашалады.

 

Бойында таланты бар бірнеше ұлт өкілдері балаларының өнерлерімен танысқан Айғанша Алдоңғарқызы кішкентай шеберлерге өз қолымен тоқыған бұйымдарын тарту етсе, шараға қатысқан жеке кәсіпкер Әлима Хабитова да балаларға арнап әкелген сый-сияпатын табыстады.

Түрі басқа болса да, тілегі, тірлігі бір балалардың туындыларымен танысқан олар  сәби болса да бір-бірін жақын тартып, тілдесіп отырған балаларға қарап Ассамблея жұмысының нәтижесін көргендей болды.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз