Жарнама
Қоғам

ТҮРІ БАСҚА, ТІЛІ БІР

 

«Қазтранском» АҚ Редут желілік өндірістік басқармасының басшысы Самат Ешманов та қарамағындағы қызметкері жайлы жақсы пікір айтты. «Радик Масхұтұлы – білікті маман, әріптестері арасында беделді, ол қазақша майын тамызып сөйлегенде, еріксіз риза боласың», — дейді ол. «Қазақ жерінде дүниеге келген қай ұлттың өкілі болсын, мемлекеттік тілді білуге, сыйлауға міндетті, — деген пікірде Радиктің өзі. – Жылыой ауданының Қосшағыл ауылында қазақ балаларымен бірге ойнап өстік. Ата-анам қазақ халқының әдет-ғұрыптарын сақтап, бізді қазақша тәрбиеледі. Жергілікті ұлт өкілдерімен аралас, сыйлас болуымыз біздің отбасылық өмірімізге де әсер етті. Біздің шаңырақты интернационал отбасы деуге болады. Мен Лариса деген орыс қызына үйлендім. Қарындасым Гүлфия қазақ отбасына келін болып түсті. Екі балам бар, үйімізде қазақша сөйлесеміз. Қазақ тілі – әлемдегі ең бай тілдердің бірі, оның сан қырлы қалтарыстарына терең бойлап, сөз мәйегін тапсаң, қызығушылығың одан бетер арта түседі».
Радик Масхұтұлы 21 жылдан бері бір мекемеде жұмыс жасап келеді.
Ұзақ жылғы жемісті еңбегінің нәтижесі болса керек, «Қазтранском» АҚ бойынша «Өз мамандығының үздігі» атанған кезі де болды. Мені оның қарапайымдылығы мен Отанына деген сүйіспеншілігі тәнті етумен келеді. «Тілге құрмет – елге құрмет» екенін бізге Радик секілді азаматтар дәлелдеп жүргендей…

Сейілхан ҚАЙЫРЖАНОВ,
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button