ТҰРАҚТЫЛЫҚ ПЕН КЕЛІСІМ – БАСТЫ ҚҰНДЫЛЫҚ
Аталған басқарманың қолдауымен «Шапағат» деструктивтік діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек орталығы» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен өткен шараға аймақтағы діни бірлестіктер өкілдері қатысты. Жиынды облыстық дін істері басқармасының бөлім басшысы Нұрәли Қайранбаев ашып, ел ішіндегі ұлттар мен ұлыстар арасындағы татулық, әртүрлі дін өкілдерінің өз діндерін, салт-дәстүрін ұстана отырып, бір-бірімен түсінісе өмір сүруі ел экономикасының, халықтың әлеуметтік жағдайының қарыштап дамуына мол септігін тигізетінін айтты.
ҚМДБ-ның Атырау облысы бойынша өкілі, «Иманғали» орталық мешітінің Бас имамы Батыржан Мансұров «Елбасы атап көркеткендей, бейбітшілік пен тұрақтылық – ел дамуының басты кепілі. Егер бізде бұл құндылықтарымыз болмаған болса, бүгінге дейін жеткен жетістіктерге жете алмаған болар едік. Сондықтан, «елім» деген әр азамат осы құндылықтарымызды жүрегімен түйсініп, оны сақтай отырып, алға жылжу қажеттігін бір сәт те естен шығармаған жөн», — деді.
Ал, өңірімізге арнайы шақыртумен келген Алматы облысы, Қаскелең қалалық «Түркістан» мешітінің Бас имамы, теолог-дінтанушы Ербол Құдабаев және «Орал Епархиясының Успен соборының приходы» Жергілікті православиелік діни бірлестігінің протоиерейі Михаил Степанов та өз пікірлерімен бөлісті. Сонымен қатар, басқа да діни бірлестіктердің басшылары ойларын ортаға салып, пікір алмасты.
Шара соңында қатысушыларға конфессияаралық келісім, толеранттылық және дін туралы арнайы шығарылым және «Дінтанушының жолнұсқасы» атты кітаптар ұсынылды.
Алтыншаш
НӘСІПҚАЛИҚЫЗЫ.