Сырбаз – әлемнің қола жүлдегері

a90a79f8 53a8 435d a3b3 3da8ccb39d25 Қоғам

Таяуда ғана Үндістан елінің Нью-Дели қаласында өткен еркін күрестен жастар арасында Азия чемпионатында күмістен алқа таққан жерлесіміз Сырбаз Талғат енді Словакия елінің Трнава қаласында өткен жастар арасындағы әлем чемпионатында қола медальді еншіледі.

a90a79f8-53a8-435d-a3b3-3da8ccb39d25

Әлемдік біріншілікте 61 келі салмақта өнер көрсеткер Сырбаз бірінші бәсекесінде словакиялық балуаннан басым болса, екінші белдесуінде қытайлық спортшыны тізе бүктірді. Ал, жартылай финалдық кездесуінде грузиялық жігіттен ұпай саны айырмашылығымен ғана ұтылды.

Қола жүлде үшін болған тартыста ол Корей елінің балуанын 8:4 есебімен жеңіп Атырау тарихында еркін күрестен әлем чемпионатының алғашқы жүлдегері атанды. Сондай-ақ, аталмыш жеңісі арқылы спорттың осы түрі бойынша «Халықаралық дәрежедегі спорт шебері» нормативін орындаған алғашқы балуан саналады.

Мұратбек ЖАҢАБАЙ

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз