СПОРТТЫ СЕРІК ЕТКЕН
— 1959 жылдан қазақ және орыс тілдерінде шыға бастаған алматылық басылым апта сайын спорт жанашырларын қуантып отырады. Жасыратын несі бар, қазір әлемде газеттерді электронды БАҚ алмастырып жатыр. Алайда, біздің елде әр үйдегі компьютердің жаппай ғаламторға қосылып тұрған мүмкіндігі жоқ. Сондықтан газет үрдісінен арылуға әлі ерте. Біздің басылымға спорт ұйымдары міндетті түрде жазылуы тиіс. Жарыс жеңімпаздарынан басқа жай қатысушылардың да суреттерін беруге тырысамыз, осылайша спортшыларымызды жігерлендіре түсетініміз анық, — дейді Г.Ержанова.
Сонау 90-жылдары ірі мекемелер жабылып жатқанда, газет ұжымы өз жұмысын тоқтатпаған екен. Корпорация Алматыда орналасқанымен, бас редактор Дүрәлі Дүйсебай бастаған редакциясы Астана қаласында. Бір кездері «Спорт» газетінің таралымы 300 мыңға дейін барған.
Атырау волейбол клубының әкімшісі Алдан Құрманәлиев басылым бетінде аудан, облыс, республика көлемінде өткізілетін турнирлік жарыстардың кестесі жарияланып тұрса екен деген тілегін білдірді.
«Атырау» футбол клубының директоры Асылбек Жүнтербаев үсті-міздегі айда Атырауда Ұлы Отан соғысының 70 жылдығы, тағы да сол сияқты мерекелер мен белгілі адамдардың құрметіне көптеген жарыстар өт-кізіліп жатқанын айтты. Сондай-ақ, 2003-2004 жылғы жасөспірімдер арасында Қайырғали Смағұловты еске алу және қала әкімінің кубогы үшін футбол додалары өтуде, солар туралы кеңінен жазылуын сұрады.
Атыраудағы №1 балалар және жасөспірімдер спорт мектебінің 60 жылдығына орай басылым бетінде мақалалар жазылса деген ұсыныс-тілектер айтылды.
Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ.