Құрылыста – бетпердесіз жұмысшылар

5666ba0125339c60e5aebc7a93e20b79 l Жаңалықтар

Atr.kz/10 тамыз, 2020 жыл. Атырау полицейлері құрылыс нысандарында рейдтік іс-шаралар жүргізуде.

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлназира Мұхтарованың хабарлауынша, полиция қызметкерлері Атырау қаласындағы құрылыс нысандарында жұмыс жасап жатқан шетел азаматтары тарапынан карантиндік режимге байланысты санитарлық нормалардың сақталмау деректерін анықтады.

  • Рейдтік іс-шаралар барысында Нұрсая-2, Нұрсая-3 ықшамаудандарындағы және «Жеңіс» саябағы маңындағы Жайық жағалауында салынып жатқан құрылыс нысандарында 30-дан астам Өзбекстан Республикасының азаматының медициналық бетпердесіз жұмыс жасағаны белгілі болды. Сондай-ақ, құрылыс нысандарының үшеуінде де антисептикалық құралдар болмаған. Тексеріс нәтижесінде орын алған олқылықтар бойынша жұмыс берушілер әкімшілік жауапкершілікке тартылады, – деді Гүлназира Мұхтарова.

Оның айтуынша, жинақталған құжаттар Атырау қалалық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасына жолданды.

Алтыншаш ҚҰРМАШЕВА

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз