Жарнама
Қоғам

Спартакиада мәреге жетті

  Аймақ спорт ардагерлерінің облыстық спартакиадасы Атырау қаласы мен барлық аудандардан 40-70 жас аралығындағы бір мыңға жуық спортшыны қамтыды. Үш күнге созылған додада олар спорттың 13 түрінен сайысқа түсті. Жарыс алаңына шыққандарды облыс әкімінің орынбасары Әлібек Нәутиев құттықтады.

  Жарыс нәтижесінде, суда жүзу, кір тасын көтеру, дойбы және президенттік көпсайыстан Құрманғазы ауданынан келген спортшылар топ жарды. Ал, үстел теннисі, тоғызқұмалақ, ерлер мен әйелдер арасындағы волейбол, стритбол және футболдан Атырау қаласының командасы алдына жан салмады. Сондай-ақ, қазақ күресі мен жеңіл атлетикада қызылқоғалық ардагерлер үздік танылды. Сөйтіп, жалпыкомандалық есепте Құрманғазы ауданы – бірінші, Атырау қаласы – екінші және Қызылқоға ауданы үшінші орындарға ие болды. Одан бөлек, оннан астам жарысқа қатысушы жекелей сайыстарда топ жарды. Жеңімпаздарға кубок, дипломдар және естелік сыйлықтар табыс етілді. Республикалық кезеңге жолдама алған олар енді Өскемен қаласында облыс намысын қорғайтын болады.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ. Сурет автордікі.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button